Мемлекеттік қызмет
Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының

2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 Бұйрығы

(2010.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 және «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі туралы ереженің 9-тармағы 9) тармақшасына және 2008 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:

1) Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестілеуден өткізу ережесі (1-қосымша);

2) Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқудан өткен, басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарын бітірген; кәсіби дәрежесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жіберген азаматтарды тестілеу программалары (2-қосымша);

3) Аттестациядан өтуге тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тестілеу программалары (3-қосымша);

4) Тестілеу нәтижелерінің шекті мәні (4-қосымша).

2. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын (5-қосымша).

3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасының

2008 жылғы 21 қаңтардағы

№ 02-01-02/11 бұйрығымен

бекітілген 1-қосымша

Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестілеуден өткізу ережесі

1. Жалпы ереже

1. Осы Ереже бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуда конкурсқа қатысушыларға; мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқудан өткен және басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарын бітірген азаматтарға; кәсіби дәрежесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жіберген азаматтарға; сондай-ақ аттестациялауға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тестілеуді өткізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

үміткерлер - бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс комиссиясының шешімі негізінде тестілеуге жіберілген конкурсқа қатысушылар; мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқудан өткен және басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарын бітірген азаматтар; кәсіби дәрежесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жіберген азаматтар;

қызметшілер - мемлекеттік органның аттестациялық комиссиясы бекіткен, тізімге енгізілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілер;

уәкілетті орган - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері.

3. Тестілеуді өткізудің мақсаты - мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге, сондай-ақ үміткерлердің және қызметшілердің логикалық ойлау қабілетіне әділ баға беру.

4. Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған үміткерлер, алдыңғы тестілеу өткен сәтінен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін, сол программа бойынша қайтадан тестілеуден өтуге құқығы бар.

5. Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған қызметшілердің, алдыңғы тестілеу өткен сәтінен бастап он күнтізбелік күннен кейін, қайтадан тестілеуден өтуге құқығы бар.

6. Тестілеуді уәкілетті органның тестілеу әкімшілері (бұдан әрі - әкімшілер) өткізеді.

Уәкілетті орган тестілеуді өткізу процесін қамтамасыз ету үшін басқа да мамандарды тартуы мүмкін.

7. Уәкілетті орган тестілеуді мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізуді қамтамасыз етеді.

8. Тестілеу компьютерде өткізіледі.

9. Тестілеуді өткізудің әділдігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкімшілердің сыбайлас жемқорлықты жібермеу әрекеттері туралы жазбаша шектеулерді қабылдауымен қамтамасыз етіледі.

10. Мемлекеттік органдардың кадр қызметі:

1) уәкілетті органға беру үшін тестілеуге келесідей мәліметтері бар тізімді даярлайды: тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, туылған күні, ұлты, білім деңгейі, ғылыми дәрежесі (бар болған жағдайда), мемлекеттік қызмет өтілі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі. Жеке мәліметтер жеке куәлікке (жеке куәліктегі тілге) сәйкес толтырылады;

2) тестілеуге тізім тестілеуге дейін бір күннен кешіктірмей беріледі;

3) үміткерлерді және қызметшілерді тестілеудің өткізілетін орны, күні және уақыты туралы хабардар етеді;

4) үміткерлердің және қызметшілердің тестілеуге дер кезінде келуін қамтамасыз етеді.

2. Тестілеу рәсімі

11. Тестілеу барысында келесідей тест түрлері қолданылады: логикалық тест, мемлекеттік тілді білуге арналған тест және Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төратсының 2010.28.05. № 02-01-02/95 бұйрығымен 11-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді, 2011 ж. 1 наурызына дейін қолданыста болады)

11-1. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барсында келесідей тестердің түрлері:

кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест,

мемлекеттік тілді білуге арналған тест;

Қазақстан Республикасы заңнамалыран білуге арналған тест қолданылады.

12. Үміткерлердің және қызметшілердің өздерімен бірге жеке куәліктері (немесе паспорт) болуы тиіс. Жеке басын куәландыратын құжатсыз үміткерлер мен қызметшілер тестілеуге жіберілмейді.

13. Тестілеуді өткізуге арналған орын-жай тестіленушілердің орналасуына ыңғайлы жағдайға лайық болуы тиіс.

14. Тестілеу басталғанға дейін әкімші барлық қажетті материалдарды дайындауы және тексеруі қажет.

15. Тестілеу сәтінде өзін нашар сезінген үміткерлер және қызметшілер бұл туралы тестілеу басталғанға дейін әкімшіге хабарлауы тиіс.

16. Логикалық тестін орындауға жіберілген уақыт - 40 минөт, мемлекеттік тілді білуге арналған тестке - 20 минөт, заңнамаларды білуге арналған тестке тестілеу программасына қарай - 100 минөт (130 сұрақ), 85 минөт (110 сұрақ), 70 минөт (90 сұрақ), 55 минөт (70 сұрақ).

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төратсының 2010.28.05. № 02-01-02/95 бұйрығымен 16-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді, 2011 ж. 1 наурызына дейін қолданыста болады)

16-1. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тесті орындауға жіберілген уақыт - 120 минут (515 сұрақ), мемлекеттік тілді білуге арналған тестке - 20 минут, заңнамаларды білуге арналған тестке тестілеу бағдарламасына байланысты - 100 минут (130 сұрақ), 85 минут (110 сұрақ), 70 минут (90 сұрақ), 55 минут сұрақ).

17. Тест келесідей тәртіппен өтеді: логикалық тест, мемлекеттік тілді білуге арналған тест, Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төратсының 2010.28.05. № 02-01-02/95 бұйрығымен 17-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді, 2011 ж. 1 наурызына дейін қолданыста болады)

17-1. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында тестерді келесідей тәртіпттен өтеді:

кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тесте;

мемлекеттік тілді білуге арналған тест;

Қазақстан Республикасы заңнамалыран білуге арналған тест.

18. Тестерді орындауға берілген уақыт біткенде, программа автоматты түрде жабылады.

19. Тестілеу уақытында үміткерлердің және қызметшілердің сөйлесуіне және тестілеу өткізіліп отырған орын-жайдан шығып кетуіне болмайды. Қабылдаушы-таратушы электрондық құрылғылар (оның ішінде жеке қалта компьютерлері және өзге де электрондық құрал-жабдықтар) тестілеу кезінде өшірілуі тиіс.

20. Тестілеуді өткізу кезінде әкімшілер тестіленушілерді нұсқаумен таныстыруға және олардың сұрақтарына жауап беруге тиіс.

21. Тестілеу әкімшілері осы Ережені бұзған үміткерлердің және қызметшілердің тестілеуін тоқтатуға құқығы бар.

22. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік программа көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

23. Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеуден өткен үміткерлерге және қызметшілерге тестілеу әкімшісінің қолы қойылған және мөр басылған тестілеу нәтижелері беріледі.

24. Тестілеудің нәтижелері туралы ақпарат жиынтық анықтама түрінде ресімделеді және мемлекеттік органның кадр қызметіне тапсырылады.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасының

2008 жылғы 21 қаңтардағы

№ 02-01-02/11 бұйрығына

2-қосымша

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқудан өткен және басым мамандықтар бойынша шетелдің жоғары оқу орындарын бітірген азаматтары, кәсіби дәрежесін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жіберген азаматтарды тестілеу программалары

1. А-1, А-2, А-3, А-4 санаттарына:

логикалық тест (10 тапсырма);

мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» (20 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (20 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (20 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (20 сұрақ) Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) (бұдан әрі - Ар-намыс кодексі) (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар кіреді.

2. В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-4, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарына:

логикалық тест (10 тапсырма);

мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» (20 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (20 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (20 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар кіреді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2008.25.02. № 02-01-02/33 Бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. В-5, В-6, С-5, С-6, С-О-4, С-О-5, C-R-2, C-R-3, D-4, Е-3, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына:

логикалық тест (10 тапсырма);

мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» (20 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар кіреді.

4. С-О-6, C-R-4, C-R-5, D-5, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-4, Е-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына:

мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» (20 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар кіреді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төратсының 2010.28.05. № 02-01-02/95 бұйрығымен 5-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді, 2011 ж. 1 наурызына дейін қолданыста болады)

5. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында D-1, D -2, D-3, D-4, D-5. D-О-1, D-О-2, D-О-3, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-1, Е-2, Е-3, Е-4, Е-5, Е-R-1, Е-R-2, Е-R-3, Е-R-4, Е-R-5, Е-G-1, Е-G-2, Е-G-3 және Е-G-4 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысушылар осы Қосымшаның 2, 1 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тілді білуге арналған және Қазақстан Республикасы заңнамалыран білуге арналған тестілеуге, сондай-ақ кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тестілеуге (515 сұрақтар) жаталы.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасының

2008 жылғы 21 қаңтардағы

№ 02-01-02/11 бұйрығына

3-қосымша

Аттестациядан өтуге тиіс мемлекеттік әкімшілік

қызметшілерді тестілеу программалары

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төратсының 2010.28.05. № 02-01-02/95 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді, 2011 ж. 1 наурызына дейін қолданыста болады) (бұр.ред.қара)

1. А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-4, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарына:

кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест (515 сұрақ);

мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» (20 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (20 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (20 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттік органның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, осы мемлекеттік органмен әзірленетін (және ұсынылатын) нормативтік құқықтық актілерді (20 сұрақ) білуге арналған тест сұрақтары кіреді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2008.25.02. № 02-01-02/33 Бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2010.28.05. № 02-01-02/95 бұйрығымен (2010 ж. 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді, 2011 ж. 1 наурызына дейін қолданыста болады) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. В-5, В-6, С-5, С-6, С-О-4, С-О-5, C-R-2, C-R-3, D-4, Е-3, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына:

кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест (515 сұрақ);

мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» (20 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттік органның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, осы мемлекеттік органмен әзірленетін (және ұсынылатын) нормативтік құқықтық актілерді (20 сұрақ) білуге арналған тест сұрақтары кіреді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төратсының 2010.28.05. № 02-01-02/95 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді, 2011 ж. 1 наурызына дейін қолданыста болады) (бұр.ред.қара)

3. С-О-6, C-R-4, C-R-5, D-5, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-4, Е-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына:

кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест (515 сұрақ);

мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» (20 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттік органның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, осы мемлекеттік органмен әзірленетін (және ұсынылатын) нормативтік құқықтық актілерді (20 сұрақ) білуге арналған тест сұрақтары кіреді.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасының

2008 жылғы 21 қаңтардағы

№ 02-01-02/11 бұйрығына

4-қосымша

Тестілеу нәтижелерінің шекті мәні

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төратсының 2010.28.05. № 02-01-02/95 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді, 2011 ж. 1 наурызына дейін қолданыста болады) (бұр.ред.қара)

1. Логикалық тест, кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест және мемлекеттік тілді білуге арналған тест бойынша шекті мән белгіленбейді.

2. А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-4, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-R-1, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша шекті мән әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 70%, басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 50% және Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) бойынша барлық санаттар үшін кем дегенде 80% дұрыс жауаптарды құрайды.

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасының

2008 жылғы 21 қаңтардағы

№ 02-01-02/11 бұйрығына

5-қосымша

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының

тізбесі

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге және аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге Нұсқау, Тестілеу бағдарламаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекаралық мәнін бекіту туралы» 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 02-01-02/60 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2291 тіркелген, 2003 жылғы 23 мамырдағы № 123-124 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 15 шілдедегі № 02-01-04/25 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2413 тіркелген, 2003 жылғы 2 тамыздағы № 222-223 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «№ 2291 тіркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 02-01-02/60 «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге және аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге Нұсқау, Тестілеу бағдарламаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекаралық мәнін бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 13 ақпандағы № 02-01-02/17 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2709 тіркелген, 2004 жылғы 25 ақпандағы № 15 «Заң» газетінде жарияланған).

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «№ 2291 тіркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 02-01-02/60 «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге және аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге Нұсқау, Тестілеу бағдарламаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекаралық мәнін бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 02-02-02/42 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2827 тіркелген, 2004 жылғы 14 мамырдағы № 38 «Заң» газетінде жарияланған).

5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 02-01-02/60 «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және аттестациядан өтуге тиісті болған әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді тестілеуді өткізу, нұсқау, тестілеу программалары және тестілеу нәтижесінің шекаралық мәнін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 5 мамырдағы № 02-01-02/59 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3624 тіркелген, 2005 жылғы 11 мамырдағы № 100-101 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).

6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Аттестациядан өтуге тиіс мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тестілеу ережесін, программасын бекіту және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 19 мамырдағы № 02-01-02/65 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3654 тіркелген, 2005 жылғы 1 шілдедегі № 120 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).