Мемлекеттік қызмет
Бос әкiмшiлiк мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудiң қағидасы

Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының

1999 ж. 24 қарашадағы № А-202 бұйрығы

(2006.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 23 тамыздағы № 72 өкімін орындау үшін Бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізудің ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 16 сәуірде № 732 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау өткізу туралы 1999 жылғы 15 сәуірдегі № А-33 қағидасы бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрық 2000 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.

Төраға

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет

iстері жөніндегі агенттiгi

1999 жылғы 24 қарашада № А-202

бұйрығымен бекітілген

Бос әкiмшiлiк мемлекеттік лауазымдарға

орналасуға конкурс өткізудiң

Қағидасы

Осы Қағида мемлекеттік органдардағы әкiмшiлiк мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудiң (бұдан әрi - конкурс) шарттары мен тәртібін айқындайды, және "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

1. Әкiмшiлiк мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке бiрдей кiру мүмкiндiгiнiң конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 06.06.01 ж. № 02-2-4/98 бұйрығымен 2-тармақ толықтырылды

2. Конкурсты бос әкiмшiлiк мемлекеттік лауазымдары бар мемлекеттік орган (бұдан әрi - мемлекеттік орган), немесе Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмi бойынша мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі өкiлеттi орган (бұдан әрi - өкiлеттi орган) лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзедi.

3. Конкурс жариялаған мемлекеттік орган әкiмшiлiк мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асыруға өкілетті конкурс комиссиясын құрады.

4. Конкурс өткiзiлген кезде "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және өзге де мемлекеттік қызмет туралы заңдардың талаптары сақталуы тиiс.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006.26.04. № 02-01-02/64 бұйрығымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Өкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің жолдауы бойынша олардың қызметкерлері үміткерлермен әңгімелесуге және конкурс комиссиясының қорытынды мәжілісіне қатыса алады.

5. Конкурс комиссиясының шешiмi әкiмшiлiк мемлекеттік қызметтің бос лауазымына орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiздеме болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 5-1-тармақпен толықтырылды

5-1. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткізудің кез келген кезеңінде ол туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиіс.

2. Конкурс өткізудiң шарттары мен тәртібі

6. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы:

1) жасы он сегiзден төмен емес;

2) тиiстi бiлiмi, кәсiби дайындық деңгейi болуы және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006.26.04. № 02-01-02/64 бұйрығымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жiберiлмейдi:

1) осы Қағиданың 6-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес емес;

2) заңдылық күшi бар сот шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетi төмен немесе жұмыс iстеу қабiлетi шектелген болып танылғандар;

3) заңдылық күшi бар сот шешiмiмен белгілi бiр анықталған мерзiмге дейiн мемлекеттік қызметтi атқару құқығынан айырылғандар;

3-1) мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;

3-2) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

3-3) мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

3-4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3-5) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар адамдар.

4) ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006.26.04. № 02-01-02/64 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 8-тармақ алынып тасталды

8. Конкурс ашық және жабық жағдайда өткiзiледi.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 9-тармақ алынып тасталды

9. Ашық конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 10-тармақ алынып тасталды

10. Жабық конкурсқа тек әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлердiң ғана қатысуға құқығы болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 16.06.00 ж. № 02-1-7/60 бұйрығымен 11-тармақ өзгертілді; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 11-тармақ алынып тасталды

11. Жабық конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгіндегі, Парламент Палаталарының Аппараттарындағы, Премьер-Министр Кеңсесіндегі, Жоғарғы Сот Аппаратындағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Аппаратындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасындағы мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдар бойынша өткiзiлуi мүмкiн. Бұл туралы шешiмдi осы мемлекеттік органдардың басшылары қабылдайды.

12. Конкурс туралы хабарландырулар жарияланғаннан кейiн мемлекеттік органға қажеттi құжаттарын тапсырған азаматтар конкурсқа қатысушы бола алады.

13. Конкурс комиссиясының шешiмi негiзiнде тестiлеуге жiберiлген конкурсқа қатысушылар бос әкiмшiлiк мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үмiткерлер (бұдан әрi - үмiткерлер) бола алады.

14. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды, оларды тестiлеудiң нәтижелерiн қарайтын, үмiткерлермен әңгiмелесу өткiзетiн және бос әкiмшiлiк мемлекеттік қызметтiң лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi түпкiлiктi iрiктеудi iске асыратын алқалы орган болып табылады.

15. Конкурс мынадай сатылардан тұрады:

1) мемлекеттік орган өткiзетiн конкурс туралы хабарландыруларды жариялау;

2) конкурс комиссиясын құру;

3) конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;

4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының әкiмшiлiк мемлекеттік лауазымдарға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын-ала қарау;

5) үмiткерлердi өкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте тестiлеу;

6) үмiткерлермен конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;

7) конкурс комиссиясының қорытынды мәжiлiсi.

16. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (тестiлеу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

3. Конкурс туралы хабарландыру

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 18.01.00 ж. № 02-1-7/3 бұйрығымен 17-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 16.06.00 ж. № 02-1-7/60 бұйрығымен 17-тармақ өзгертілді; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 06.06.01 ж. № 02-2-4/98; 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрықтарымен 17-тармақ жаңа редакцияда

17. Орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволарда конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006.26.04. № 02-01-02/64 бұйрығымен 17-1-тармақпен толықтырылды

17-1. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландырулар жариялағаннан кейін «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2, 3-тармақтары мен 14-бабының 10-тармағы бойынша конкурстық рәсімдері аяқталғанша, азаматтарды жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 18.01.00 ж. № 02-1-7/3 бұйрығымен 18-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 25.02.00 ж. № 02-1-7/16; 16.06.00 ж. № 02-1-7/60; 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 ; 2006.26.04. № 02-01-02/64 (бұр.ред.қара) бұйрықтарымен 18-тармақ өзгертілді

18. Конкурсты өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәлiметтер болуы тиiс:

1) мекен-жайы көрсетілген мемлекеттік органның атауы, пошта адресi, телефондары мен факс нөмiрлерi;

2)

3) негiзгi функциональдық мiндеттерi, қолданыстағы заңдарға сәйкес еңбек ақысының көлемi мен шарттары көрсетiлген бос лауазымдар атауы;

4) мемлекеттік орган анықтаған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негiзгi талаптар;

5) құжаттарды қабылдаудың мерзiмi (конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кезден бастап 15 күнтiзбелiк күн);

6)

7) өкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен келісілген сынақ өткізудің мерзiмi мен орны;

8) әңгiмелесу өткізудiң мерзiмi мен орны;

Хабарландыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн қосымша ақпараттармен мазмұндала алады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 18.01.00 ж. № 02-1-7/3 бұйрығымен 19-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 16.06.00 ж. № 02-1-7/60; 06.06.01 ж. № 02-2-4/98; 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрықтарымен 19-тармақ өзгертілді және жаңа редакцияда жазылды

19. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми WEB-сайтында орналастырылады.

4. Конкурс комиссиясын құру

20. Конкурс комиссиясын осы Қағидамен анықталған тәртiппен тиiстi лауазымға тағайындауға құқығы бар тиiстi мемлекеттік органның басшысы құрады.

21. Конкурс комиссиясы төрағадан, хатшыдан (кадр қызметiнiң өкiлi) және комиссия мүшелерiнен тұрады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005.21.06. № 02-01-02/80 бұйрығымен 22-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

22. Тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін конкурс комиссиясының құрамына мемлекеттік органның әр түрлі бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ мемлекеттік орган басшысының шешімімен өзге де адамдар енгізіледі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 23-тармақ өзгертілді

23. Мемлекеттік орган құрған және орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшенің басшысына конкурстық iрiктеудi жүзеге асыратын конкурс комиссиясының құрамына орталық мемлекеттік органның өкілдерi, және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмшiлiгiнiң өкiлi, келісімi бойынша кiреді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 10.04.03 ж. № 02-01-02/44 бұйрығымен 23-1-тармақпен толықтырылды

23-1. Конкурстық комиссияның құрамына тиісті бос лауазымға орналасу конкурсына қатысушы кіре алмайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2005.21.06. № 02-01-02/80 бұйрығымен 23-2 тармағымен толықтырылды

23-2. Конкурс комиссиясы әр жарияланған бос мемлекеттік әкімшілік лауазым үшін сол лауазымға талаптанған үміткерлерге міндетті тәртіпте және бірдей көлемде қойылатын сұрақтардың тізбесін бекітеді.

5. Құжаттарды қабылдау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 25.02.00 ж. № 02-1-7/16 бұйрығымен 24 тармақ толықтырылды; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 03.11.00 ж. № 02-1-7/154 ; 2006.26.04. № 02-01-02/64 (бұр.ред.қара) бұйрықтарымен 24-тармақ өзгертілді

24. Конкурсқа қатысқысы келетiн азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттік органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1) өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш (№ 1 қосымша);

2) кадр есебi бойынша толтырылған iс парағы (нақты мекен-жайы мен телефондары, соның iшiнде байланыс, к