Мемлекеттік қызмет
Конкурсқа қатысқысы келетiн азаматтардың өткiзетiн құжаттары

Конкурсқа қатысқысы келетiн азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттік органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1) өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш;

2) кадр есебi бойынша толтырылған iс парағы (нақты мекен-жайы мен телефондары, соның iшiнде байланыс, көрсетiлуi тиiс);

3) өкiлеттi орган белгiлеген нысанда толтырылған анкета;

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмелерi;

5) еңбек кiтапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;

6) денсаулығы туралы белгiленген нысандағы анықтама;

7) 3х4 үлгідегi 1 фотосурет.

8) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.


 Іс парағы

Кадрлық резервке өтініш