Ресей мен Ұлыбританияға «Болашақ» бағдарламасымен

Халыққа білім беру саласында істеліп жатқанның бәрі сайып келгенде бала үшін емес, мемлекеттің мүддесі үшін екенін әрбір мұғалім ұмытпауға тиісті.

М.Аринори.

Еліміз қай заманда болмасын дарынды, талантты жастарға бай болған. Олардың барлығы ел тарихында өз орындарын тапты. Қазіргі таңда Егемен еліміздің жас буындарына сапалы білім, саналы тәрбие алуына аса зор мән берілуде. Елбасының халыққа Жолдауында да жастардың заман талабына сай білім алуына мүмкіндіктер жасалатыны жөнінде айтылып, тиісті органдарға тапсырмалар жүктелуде.

Сол мүмкіндіктердің бірі - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен жасалған шет­елдерде білім алуы мен мамандар дайындау жө­ніндегі халықаралық “Болашақ” бағдарламасы. Мәселен, әлемдік дағдарысқа қарамастан білімі бәсекеге қабілетті көптеген қазақстандық жастар әлемдегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарында білім алуда, ал олар­дың алды ел игілігі үшін қызмет етіп те жүр.

Биылғы жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының білікті мамандары Искакова Маржан Оразғалиқызы мен Уранхаева Алия Еркінқызына берілді. Айта кетсек Маржан Оразғалиқызы ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің маманы, Алия Еркінқызы білім беру бағдарламаларды интернациянализациялау орталығының маманы. Маржан Оразғалиқызы «Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі» (білімдегі салалары мен жолдары) мамандығын Ресей Федерациясында бір жыл оқиды. Алия Еркінқызы «Білім саласындағы басқарма» мамандығын Ұлы Британия елінде бір жарым жыл оқитын болады. Маржан, Алия мен сұхбаттасқанда олардың отбасылы жандар екенін білдік. Отбасы оларды қолдап, елімізге аман-есен оралуына тілектес.

Ал біз білімдеріңізді ел игілігіне жұмсауларыңызға және мемлекет артқан үмітті ақтауларыңызға тілектес екенімізді айтамыз.

 Алия.jpgМаржан.jpg


Возврат к списку

(Голосов: 2, Рейтинг: 3.27)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Отправить Отменить