АҚШ-та қалай білім алуға болады?

АҚШ университеттерінің толық немесе жарым-жартылай қаржылық көмегі. Неден бастау қажет, ізденісті қалай жүргізу керек.

Қазіргі таңда жылына 20 мың доллардан асатын көлеміндегі грант ұсынатын 350-ден астам АҚШ университеттері мен колледждері және білікті шетел студенттеріне жылына 40 мың доллардан асатын көлеміндегі стипендия тағайындайтын шамамен жүз институт бар. Ең кемінде 85 колледж бен университеттер EducationUSA Орталықтары арқылы АҚШ-тің жоғары оқу орындарына оқуға түсу үрдісінен өткен шетел студенттерін жыл сайын қаржылай қолдайды. Аталған жоғары оқу орындары оларға толық стипендияны төлейді (оқу ақысы және тұратын орын шығындарымен бірге). Осы тізімге қоса www.collegeboard.com сайтында іздеу жүйесін қолданып, Сізді қызықтыратын мәліметтерді енгізе отырып, көптеген ұқсас оқу орындары туралы ақпаратты таба аласыз. Сонымен қатар, АҚШ-та Білім беру орталықтары тарапынан жүргізілетін ағымдағы гранттар мен стипендиялар туралы ақпарат таратылымына жазылыңыз. Аталған Орталықтарға АҚШ оқу орындарының өкілдері үнемі келеді және шетелдік оқушыларды қаржыландыру мүмкіндіктері туралы Орталық қызметкерлерін хабардар етеді. Ал олар өз кезегінде осы ақпаратты студенттер арасында таратады.

Сонымен қатар, университеттен қаржылай көмекке деген конкурстың өте жоғары болғанын ұмытпағаныңыз жөн. Шетелдік студенттер тек басқа мемлекеттерден келген студенттермен ғана емес, америкалық талапкерлермен де бәсекеге түседі. Тек ағылшын тілін жетік меңгерген және үздік академиялық үлгерімі бар студенттер ғана қаржылық көмекке үміткер бола алады.

Америкалық жоғары оқу орнында білім алуға байланысты шығындар тізімі

Америкалық жоғары оқу орнында білім алуға байланысты шығындар тізімі:

  1. Оқу ақысы (tuition): жеке колледждер мен университеттер әдетте "штаттағы" немесе мемлекеттік білім беру ордаларынан едәуір қымбат.
  2. Түрлі қызметтердің ақысы (fees): спорттық клубтарға қатысу, кейбір лабораторияларды қолдану, тұрақ қызметі және т.б. қызметтер кіреді.
  3. Кітаптар мен кеңселік шығындар (books and supplies): оқулықтар өте қымбат (бір кітаптің құны шамамен 100 долларға дейін). Қолданылған кітаптарды сатып алып, белгілі бір соманы үнемдеуге болады.
  4. Тұрғын жай мен тамақтану (room and board): бұл сомалар оқу орынның орналасқан жеріне және студенттің студенттік қалашық территориясында тұрып тұрмағанына байланысты.
  5. Медициналық сақтандыру (medical insurance): бұл мәселеде еш үнемдеуге болмайды, өйткені АҚШ-та медициналық жәрдем өте қымбат. Әдетте сақтандырулар тіс және көз дәрігерлерінің қызметін өтемейді.
  6. Көлік: тұратын мемлекеттен АҚШ-қа және мемлекет ішінде саяхаттау билеттері.
  7. Жеке шығындар: киім, кір жуу қызметтері, туризм және т.б. Сонымен қатар, тікелей емес шығындарды да есепке алу қажет: біліктілікті анықтайтын тесттердің құны, құжаттарды қарастыру шығындары, визалар.

Бакалавр деңгейін алу үшін АҚШ колледждері мен университеттеріне оқуға түсетін студенттерге арналған қаржылай көмек

Бакалавр деңгейін алу үшін АҚШ колледждері мен университеттеріне оқуға түсетін студенттерге арналған қаржылай көмек

АҚШ-та оқуды қалайтындардың алдында тұратын ең негізгі бөгеттердің бірі білім берудің жоғары бағасы болып табылады. Оқу ақысын, тұрғын жай мен тамақтануды, оқулықтар мен медициналық сақтандыруды және басқа да шығындарды көрсететін цифрлердің айырмашылығы өте үлкен. Бұл айырмашылық 20-дан 45 мың долларға дейін, тіпті одан да жоғары болуы мүмкін. Ең төменгі көрсеткішке екі жылдық колледждерге (community colleges) түсетіндер немесе мемлекеттік университеттерге құжат тапсырғандар ілінуі мүмкін. Ал егер сіз беделді жеке оқу орнын таңдаған болсаңыз бір жылда 50-65 мың долларды жұмсауға дайын болыңыз және осы санды төртке, яғни, бағдарламаны толық өтуге және қалаған деңгейді алуға қажетті уақытқа көбейтіңіз.

Мынадай сұрақ туындайды: «Осыншама қаражатты қайдан табуға болады?»

АҚШ-тағы білім беру туралы статистикалық ақпаратты жыл сайын жариялайтын америкалық ұйым - Халықаралық білім беру институтының мәліметтері бойынша өткен жылы АҚШ-та білім алған шетел студенттерінің шамамен 82% оқу ақысын өздері төлеген; 5,4% өз мемлекетінде немесе шетелде демеуші тапқан; 2% өз мемлекеттерінің үкіметтерінен қаражат алған, сондай-ақ, шетел студенттерінің тек 10,2 % ғана түскен колледжінен немесе университеттен қаржылай көмек алған. 10,2% санын әрине тегін білім алу жағынан өте сенім арттыратындай деп, айту қиын. Алайда, жалпы алғанда жағдайды тіпті үмітсіз деп те санауға болмайды. Шетелдік студенттерге қаржылық көмекті көбінесе жеке колледждер мен университеттер береді. Олардың саны шектеулі екендігі және студенттер арасында стипендияны алу конкурсы өте жоғары екендігі де рас. Бұған қарамастан, жыл сайын білім алуға айтарлықтай қомақты қаражатты ала алған студенттер де бар. Оқу орындары студенттерге тұрғын жай мен тамақтануға айтарлықтай ақша бөле отырып, оқу ақысын ғана «кешіре» қоймай тіпті ұшаққа да билет алып берген жағдайлар да болған.

Бұл студенттер өте дарынды, өз мақсатына ұзақ жолмен келе жатқан еңбекқор тұлғалар деп ойлауға болады. Олар қандай стратегиялық қағидаларды ұстанды, қандай әрекет жасады, қандай мәселелерге аса назар аударды? Олардың табысының себебін табу жолында АҚШ оқу орындарының талапкерлеріне және қаржылық көмекті алу мүмкіндігін іздегендерге арналған біздің кеңестерімізді де назарға алыңыз.

Шетелдік студенттерге қаржылай көмек көрсететін оқу орындарын табуға тырысыңыз. Әр колледж бен университеттің бұл мәселеде өзінің саясаты бар. http://www.collegeboard.com іздеу жүйесін қолданыңыз, оның көмегімен сіз аталған оқу орындардың тізімін жасай аласыз. Шетелдік студенттерге еш ақшалай көмек көрсетпейтін оқу орындары да бар. Алайда, айтарлықтай қаражат бөлетін көптеген оқу орындары да бар. Сіздің мақсатыңыз – осындайларды табу.

  1. АҚШ Мемлекеттік департаменті тарапынан қаржыландырылатын АҚШ-тағы білім беру орталығына жүгініңіз. Әдетте осындай Орталықтарда жұмыс істейтін кеңесшілер колледждер мен университеттер ұсынатын қаржылай көмек туралы ақпаратты бақылап отырады. Сонымен қатар, олардың қызметі тегін.
  2. Ресейлік жоо-нда 1-2 жыл оқып, АҚШ-та білімін жалғастыруды қалайтын немесе жергілікті жоо-дан америкалық жоо-ға ауысатын ("transfer student" статусы) студенттерге қарағанда бірінші курсқа түсетін студенттердің қаржылық көмекке ие болу мүмкіндігі едәуір көп.
  3. Егер сіз оқуға байланысты шығындарды тым болмаса жарым-жартылай өтеуге дайын болғаныңызды білдірсеңіз, жоғары оқу орындары сіздің оқуыңызға қажетті қаражатты едәуір тез бөлетін болады.
  4. Алдын ала дайындалыңыз. Осы тақырыпқа байланысты ақпаратты сізді қызықтырған колледждердің веб-парақтарында ұқыпты түрде оқыңыз. Коллдеждің немесе университеттің қабылдау комиссиясына жүгініп, қаржылай көмек алу мүмкіндіктері туралы біліңіз. Университет өкілдеріне жазып, түсініксіз мәселелер болса сұрақтарыңызды қойыңыз. Қаржылай көмек туралы мәселені оқу орнына қабылдау сәтіне дейін қалдырмаңыз. Оқуға түсу туралы сауалнамамен бірге қаржылай көмекті беру туралы сауалнаманы да сұрау қажет, кеійннен егер Сізді қабылдайтын болса, қайдан ақша іздеймін деген мәселеге тап болмау үшін.
  5. ЖОО-нан қаржылай көмекті TOEFL және SAT бойынша жоғары бағасы бар, ерекше қабілетке ие немесе оқудан тыс салаларда өздерін көрсеткен (мысалы спорт, музыка, әлеуметтік қызмет жағынан айтарлықтай жетістіктері бар) үздік оқушылар ала алатыны анық. Жағымды ұсыныстар да қаржылай көмекті алу үшін Сіздің мүмкіндігіңізді едәуір арттырады. Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, құжаттарды дайындау ісін кейінге қалдырмаңыз. Қабылдау емтихандарына жоспарлаған оқу кезеңіне дейін 2-3 жыл бұрын алдын ала дайындалуға бастаңыз.
  6. Колледждер ұсынатын қаржылай көмек оқу жылының басында тағайындалатынын ұмытпаңыз және көктемдік семестрден оқуды бастауға жоспарлаған студенттерге өте сирек беріледі.
  7. Көптеген колледждер шетелдік студенттерге тек үздік үлгерімі шартында ғана стипендияны тағайындайды. Сіздің басқа да жетістіктеріңіз де есепке алынуы мүмкін: академиялық және басқа да марапаттар, алғыс хаттар, музыка немесе спорттағы жетістіктер, қоғамдық қызмет. Студентке стипендия берілуі мүмкін, бірақ оқудың төрт жыл бойы ол барлық пәндер бойынша орташа балды (GPA) тиісті деңгейде ұстау шартымен.
  8. Екіжылдық колледжге (community colleges) түсу мүмкіндігін де қарастырыңыз, оның ақысы 12 мың доллардан аспауы тиіс. Екі жыл осындай колледжде оқып, қомақты ақшаны үнемдей аласыз, ал кейіннен 4 жылдқ колледждің немесе университеттің үшінші курсына ауыса аласыз. Таңдау барысында осы community college аккредитациядан өткенін, сондай-ақ, ол жерде оқыған пәндер мен алған бағаларыңыз ауысу кезінде есепке алынатынын айқындап, сенімді болыңыз.
  9. Сіздің мемлекетіңізден шыққан өкілдер аз болған және кампустарын едәуір көпұлттық етуді қалайтын колледждер мен университеттерді табуға тырысыңыз. Әдетте шетелдік студенттерге қаржылай көмек көрсететін колледждер мен университеттер кампустың көпұлттық өміріне жаңа қуат бере алатын студенттерді қуана қабылдайды. Жақында АҚШ-та оқыған мамандар мен студенттермен ақылдасып және білім беру кеңесшілеріне сұрақтарыңызды қойып, университеттерді іздеуге болады. Шағын liberal arts колледждері болуы мүмкін, немесе діни ұйымдары тарапынан ашылған колледждер. Бірақ, ең алдымен колледжде сіз оқитын пән бар екенін және басқа елден келген студенттерді не үшін қолдайтынын анықтап алыңыз.
  10. Егер сіз дарынды спортшы болсаңыз және жоғары шеберлікті талап ететін жарыстарға қатысатын болсаңыз «спроттық стипендияға» үміткер бола аласыз. Аталған стипендиялар көптеген спорт түрлерінде тағайындалады, алайда университеттердің барлығы оларды бермейді. Стипендиаттарды таңдау ісінде ең маңызды рөлді жаттықтырушы ойнайды. Жаттықтырушыны іздеу, грантқа қажетті құжатарды жинау және тапсыру үрдісі өте қиын және көп еңбекті талап ететін жұмыс. Алдымен интернет сайттарында жарияланған ақпаратты оқып шығыңыз, кейіннен АҚШ-та білім беру мәселелері жөніндегі кеңесшіге сұрақтарыңызды қойыңыз.

Шетелдік студенттердің құжаттарын олардың материалдық жағдайына қарамастан қарастыратын АҚШ университеттерінің тізімі

АҚШ-та "need-blind admission" тәртібінде істейтін, яғни, студентті қабылдау туралы шешімді көптеген құжаттар мен тесттер қорытындыларын қарастыру, кейбір жағдайларда интервью нәтижесінде қабылдайтын университеттер өте аз. Бұш шешім мәселенің қаржылық жағына, яғни студентте оқуға төлейтін қаражаттың болып болмағанына еш қарамайды.

Бұл колледждер мен университеттердің барлығы айтарлықтай беделді, сондықтан оған түсу үшін және аталған көмек түрін алу үшін студенттер өте жоғары академиялық қабілетке ие болуы тиіс, сондай-ақ, ғылым, мәдениет және әлеуметтік өмірде белсенділігін көрсету қажет.

  1. Amherst College (Amherst, Massachusetts)
  2. Harvard University (Cambridge, Massachusetts)
  3. Yale University (New Haven, Connecticut)
  4. Princeton University (Princeton, New Jersey)
  5. Massachusetts Institute of Technology (MIT) (Cambridge, Massachusetts)
  6. Stanford University (San Francisco, California)
  7. Williams College (Williamstown, Massachusetts)
  8. Middlebury College (Middlebury, Vermont)

Шетелдік студенттерге айтарлықтай қаржылық көмек көрсететін АҚШ университеттері мен колледждердің тізімі

  1. Amherst College, MA
  2. Bates College, ME
  3. Bowdoin, ME
  4. Brandeis University, MA
  5. Brown University, FL
  6. Bryn Mawr College PA
  7. California Institute of Technology, CA
  8. Carleton College, MN
  9. Colby College, ME
  10. Colgate University, NY
  11. Connecticut College, CT
  12. Dartmouth College, NH
  13. Drake University, IA
  14. Duke University, NC
  15. Grinnell College, IA
  16. Hamilton College, NY
  17. Haverford College, PA
  18. Harvard College, MA
  19. Hope College, MI
  20. Ithaca College, NY
  21. Kenyon College, OH
  22. Lafayette College, PA
  23. Lawrence University, WI
  24. Lehigh University, PA
  25. Macalester College, MN
  26. Massachusetts Institute of Technology, MA
  27. Middlebury College, VT
  28. Oberlin, OH
  29. Pomona College, CA
  30. Princeton University, NJ
  31. Smith College, MA
  32. Stanford University, CA
  33. St. Lawrence University, NY
  34. Swarthmore College, PA
  35. University of Chicago, IL
  36. University of Pennsylvania, PA
  37. University of Richmond, VA
  38. Vassar, NY
  39. Wesleyan University, CT
  40. Yale University, CT

қайнар көз: http://vco-edusa.net/rus/info.html
сонымен қатар, осы сілтеме арқылы АҚШ-тің жоғары білім жүйесі, оқуға түсу үрдісі, стандартталған тесттер, виза алу, бакалавр, магистр және PhD деңгейін алу үшін шетелдік студенттерді қаржыландыру туралы, сондай-ақ, басқа да аса маңызды ақпаратқа қолжеткізе аласыз.


Возврат к списку

(Голосов: 1, Рейтинг: 3.3)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Отправить Отменить