Оксфорд немесе Кембриджге оқуға қалай түсуге болады

Ең тиімдісі мемлекеттік немесе жеке ағылшын орта мектебін бітіру. Өкінішке орай, ресейлік азаматтығымен мемлекеттік мектепке түсу айтарлықтай мүмкін емес. Ал жеке мектептің есігі баршаға ашық, әсіресе оқу үшін қомақты ақшаны төлеуге дайын болғандарға. Оксфорд немесе Кембриджке оқуға түсу үшін ең кемінде үш пән бойынша «А» бағасы болуы тиіс.

Екінші жол – халықаралық студенттік бағдарламалардың бірін қолдану. Стипендиялық бағдарламалардың арасында ең танымалы - Chevening (Чивнинг Стипендиясы), оның қатысушылары Ұлы Британияның кезкелген жоғары оқу орнында магистерлік деңгейін ала алады. Айта кетейік, аталған бағдарлама Кембридж пен Оксфордқа шынында да жол ашатын бір ғана бағдарлама болып табылады. "Чивнинг" атауы Ұлы Британияның сыртқы істер министрі резиденциясы Chevening House атауынан шыққан. Бұл беделді стипендиялық бағдарлама Ұлы Британияда магистерлік деңгейін алғысы келетін жас мамандарға арналған. Бағадарлама Ұлы Британияның Сыртқы істер министрлігі тарапынан қаржыландырылады және British Council тарапынан басқарылады. Жыл сайын Чивнинг бағдарламасы бойынша әлемнің 150 мемлекеттен келген 2300 астам стипендиаттар білім алады. Стипендияның көлемі жылдық оқу ақысын қамтиды.

Ең соңғысы – Ресейдегі халықаралық бакалавриат мектептерінің бірін тәмәмдау. Егер сіздің дипломыңыздың «салмағы» 38 балдан жоғары болса, сіз атақты британиялық жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие боласыз.

Алайда, бұл мәселеде де қиындықтар туындауы мүмікн. Профессорлар «Оксбридж» қабырғасында бір қалыпқа түспейтін бейімді ақылға ие тұлғаларды көруді қалайды. Олар Оксфорд пен Кембриджтің ерекше бірегей шарттарында оқи алатын және ақылға қонымды жауап бере алатын тұлғаларды іздейді. Емтихандар барысында олар талапкерлердің тек негізгі біліміне емес, оның, жұмсағырақ айтқанда, әдеттен тыс сұрақтарға қалай жауап беретіне қарайды.

Төменде емтихан алушылар қабылдау емтихандарында қоятын бірнеше сұрақтар келтірілген.

Әлемнің ең үздік университеттерінде оқу үшін орташа сиырдың денесінде Жер бетіндегі жалпы су көлемінің қанша пайызы болатыны туралы немесе шаш химиялық тәсілмен қалай бұйраланатыны туралы білу қажет екен.

"Міне ағаш қабығының бір тілімі. Ол туралы не айтып бере аласыз" – деп, Оксфордың биологиялық факультет талапкерлерінен сұрайды. "Адамды ағзасының қай нүктесінде өлі деп санауға болады?" – деген сұрақ Кембриджтің медицина факультетінің талапкерлеріне қойылады.

Бұдан тыс, XIX ғасырдың қай саясаткері Ұлы Британияның премьер-министрі Тони Блэрге ең қатты ұқсайтыны туралы да білген жөн. Ал Оксфорд университетінің философия, саясаттану және экономика факультеттерінде оқуды армандайтын жастарға қабылдау емтиханында мынадай жай сұрақ қойылуы мүмкін: «Сіз мықтысыз ба?».

Медицина факультетінің талапкеріне мынадай тапсырма берілді: «қыбылдау комиссиясын дәл қазір оның биін тамашалап отырғаны туралы ақылға қонымды дәлелдермен сендіру».

Мал дәрігері болуды қалаған жас жігітті мынадай сұрақпен тұйыққа тіреп қойды: сіздің ойыңызша Ай ірімшіктен жасалуы мүмкін бе?

Ал заң факультетінде қабылдау комиссиясында жұмыс істеген комиссия таңдаулы талапкерлерге "ТЕСКО" және "ТИМОТЕЙ" фрималары шағаратын су сабындарын егжей тегжейлі түрде талдауын жасауға тапсырмасын берді.

Аталған сынақ тәсілдері ақылға қонарлық деп айтуға мүмкін емес, бірақ мұғалімдердің өздері осындай «қақпандар» қажет деп санайды, өйткені олар талапкердің бейнелі түрде ойлау қабілетін айқындауға арналған және жастардың жан жақты білімді тұлға болу мүмкіндігін арттырады.

Қабылдау емтихандарында емтихан алушылар қоятын сұрақтарының бірнешесі төменде келтірілген:

- Өткен заманда да екіге екіні қосқанда төрт болғанын қайдан нақты білеміз?

- Неліктен өсімдіктерде ми жоқ?
- Құм үймесінен біртіндеп құм қийыршықтарын шығара бастаса, құм үймесі қашан үйме болмай қалады?

Ал сіз қалай жауап берер едіңіз?? ;)


Возврат к списку

(Голосов: 7, Рейтинг: 3.84)

Айтолкын
Казирде тусуге болама  
Имя Цитировать
Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Отправить Отменить