Стипендияны ұтып алып, ғажайып Италия елінде бакалавр академиялық дәрежесін алуда қаражатыңды үнемде

John Cabot University ТМД елдерінен шыққан студенттерге оқуға арналған стипендия ұтып алу мүмкіндігін ұсынады.

Университет туралы бірер сөз

John Cabot University Италияның астанасы – баға жетпес Рим қаласында орналасқан. Университет 15 ғасыр зерттеушісі, теңіз тарланы Джованни Каботтың құрметіне аталған. Университет 1972 жылдан бастап Еуропадағы американдық озық гуманитарлық жоғары оқу орны болып табылады.

Италияда, Римде, John Cabot University-де оқығанның артықшылықтарына тоқталсақ.

Оқу орны Римнің дәл орталығында, Италия астанасының ең көне аудандарының бірі, өзінің ортағасырлық тар көшелерімен және Бази-Ликой-Санта-Мария-ин-Трастевере-сімен танымал Трастевере ауданында орналасқан.

2003 жылы Орта атлантика штаттарының колледждері мен мектептері қауымдастығының Жоғары білім комиссиясы аккредиттеген. Делавер білім беру бөлімінің ғылыми дәрежелерін тапсыруға лицензиясы бар. Уэльс университеті құрылтайлық еткен, және де 2000 жылдан бастап британ үлгісіндегі дипломдарды тапсыру құқығына ие.

Сондықтан екі диплом – американдық + британдық диплом алу мүмкіндігі бар.

АҚШ, Канада, Еуропаның озық университеті деп танылған, соның арқасында бұл елдерде магистрлік бағдарлама бойынша оқуды жалғастыруға болады.

Қайталанбас халықаралық орта. Жоо студенттері әлемнің 50 елінен жиналған.

Оқу топтарының тиімділігі – топта 15 адамнан.

Сындарлы және креативті ойлауға ықпал ететін атмосфера.

Тақырыптық зерттеулерді де қамтыған оқу жоспары Риммен және қала маңымен танысуға мүмкіндік береді.

Жұмысқа тұруға көмек көрсетіледі. Жоо түлектері PWC, CNN, Hotel Hassler, АҚШ елшілігі сияқты әлемдік деңгейдегі компанияларда жұмыс істеп жатыр.

Университетте жұмыс істеу мүмкіндігі – аптасына 20 сағат.

Және де ең бастысы, стипендия алу мүмкіндігі.

John Cabot University студенттерге стипендияның мынадай түрлерін ұсынады:

1) жылына €4,000 мөлшеріндегі ТМД студенттеріне арналған СТАНДАРТТЫ СТИПЕНДИЯ.

Бұл стипендияны алу үшін орташа балл 4 балдық жүйе бойынша 2.75 болуға тиіс (немесе 5 балдық жүйе бойынша 3.44).

2) жылына €3,750-дан €7,000 дейінгі ПРЕЗИДЕНТТІК СТИПЕНДИЯ.

Өтінім беру үшін орташа балл кем дегенде 3.00 болуға тиіс (немесе 5 балдық жүйе бойынша 3.75), сондай-ақ оқытушылардың жақсы ұсынымдарын көрсету керек.

Президенттік және стандартты стипендиялар қосылмайды. Стипендиялар ENLUS ағылшын тілі курстарына қолданылмайды.

Бұған қосымша, қажетсінетін студенттерге жылына €750 дан €2,250 дейінгі мөлшерде қаржылық көмек көрсетіледі.

Бұл гранттың сомасы жалпы немесе президенттік стипендияға қосылуы мүмкін.

Назар аударыңыздар! John Cabot University стипендиялары оқу ақысын төлеу есебіне жұмсалады, яғни стипендия сомасы жылдық оқу үшін жалпы шоттан шегеріледі!

Оқу құны, Сіздің қажеттіліктеріңізге қарай, мына түрде болуы мүмкін:

Семестр ақысы – 6950 еуро, тұру және тамақтану ақысын қосқанда 11120 еуро болып шығады.

*Бұл ақыға компьютер сыныптарын пайдалану, мәдени-көпшілік шаралар, спорт объектілерін пайдалану кіреді. Жаңадан келген студенттер үшін бұл ақыға сондай-ақ әуежайдан трансфер және бірінші аптаның іс-шараларына – студенттер қатарына қабылдауға қатысу кіреді.

** Оқу жылында 2 семестр.

Тек осы жылы ғана және тек шектеулі студенттерге ғана университет арнайы стипендия ұсынады. Мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыздар! Асығыңыздар!

Қажетті құжаттарды жинау және виза алу БІР АЙДАН АРТЫҚ уақыт алуы мүмкін екенін ұмытпаңыздар! Сондықтан шешімді қазір қабылдаңыздар.

Оқуға түсуге Global Study консалтинг компаниясы көмек көрсете алады.

http://skidka.jcu.globalstudygroup.com/ сілтемесі бойынша кіріп, бастапқы өтінім жіберіңіз. Өтінім жібергеннен кейін консультанттар сіздермен байланысып, барлық қажетті ақпаратты айтады.

Немесе компанияның 4 офистерінің біріне телефон соғып, барлық сұрақтарыңызға жауап алуға болады:

Мәскеудегі телефондар: +8 499 681 01 41, +8 800 555 20 02

Алматыдағы телефон: + 7 3272 724865

Астанадағы телефондар: +7 7172 627623, +7 7172 627624

Ташкенттегі телефондар: +998 71 1205729, +998 71 1205740

Автор: Қарасаева Гаухар


Возврат к списку

(Нет голосов)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Отправить Отменить