Мемлекеттiк бiлiм беретiн жинақтау жүйесi
«Мемлекеттік білім беретін жинақтау жүйесі» жобасы бойынша ағымды шолу

2010 жылдың наурызы.Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін құру тұжырымдамасы әзірленіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарастыру үшін ұсынылған.

2010 жылдың сәуір-маусымы. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін құру тұжырымдамасын мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен қарастырылуы: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігімен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу Агенттігімен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ.

2010 жылдың желтоқсаны. Қазақстан Республикасының Президентінің 07.12.2010ж. № 1118 Жарлығымен 2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының Бiлiм дамуының мемлекеттiк бағдарламасы бекітілген. Бұл бағдарламаға Мемлекеттiк бiлiм беретiн жинақтау жүйесi механизмін өңдеу енгізілген.

2011 жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан халқына «Болашақты бірге құрамыз!» жыл сайынғы жолдауында, мемлекет Басшысы қазақстандықтарда балаларының оқуына, мемлекеттен пайыздық бонустар алумен, қаражаттарды жинаудың жаңа мүмкiндiктерi пайда болу керектігін атап өтті , және Үкiметке техникалық және жоғары бiлiм деңгейлерi үшiн, қазір Жилстройсбербанк ипотекалық құрылыста жүзеге асыратынға ұқсас жинақтау жүйесiн әзірлеуді тапсырды.

2011 жылғы қаңтардың соңынан Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі және қазіргі білімді несиелеу жүйесі сұрақтары бойынша социологиялық аналитикалық зерттеуді өткізуді енгізетін, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің жұмыс істеу механизмін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

оқушылардың (оның ішінде талапкерлердің), ата-аналардың, ауылдық және қалалық жерлердің студенттерінің пікірлерін зерттеу;

Қазақстанның 12 алдыңғы қатарлы жоо өкілдерін сұрастыру: Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Л. Гумилев ат. ЕҰУ, Е.А. Букетов ат. ҚарМУ, Қ. Сәтпаев ат. ҚазҰТУ, С. Асфендияров ат. ҚазҰМУ, Абай ат. ҚазҰПУ, КМЭБИ, ҚарМУ, БХА, ХБК (ҚазБСҚА), Назарбаев университеті.

Осы жұмыстар шегінде 2011 жылдың 31 наурызына:

1) оқушылардан (оның ішінде талапкерлерден), ата-аналардан, студенттерден сұрастырулар жүргізілген;

2) 2011 жылдың 4 ақпанында Алматы қ. Және 10 ақпанда Астана қ. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстанның ірі 11 жоо, екінші деңгейлі 10 ірі банктердің, Депозиттерді кепілдеудің Қазақстандық қорының, Қазақстанның қаржыгерлерінің Бірлестігінің кездесулері өткізілген.

Кездесулер нәтижелері ЖОО және екінші деңгейлі банктердің Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін енгізуге қызығушылықтарын көрсетті.

3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу Агенттігімен бірге Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің жұмыс істеу механизмі бойынша ұсыныстар әзірленген және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілген.

2011 жылдың наурызында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қаржы-экономикалық моделін құрастыру және актуарлық есеп айырысуларды өткiзу бойынша жұмыстар басталды. Мемлекеттiк бiлiм беретiн жинақтау жүйесiнен мемлекет үшiн ұзақ мерзiмдi перспективада әлеуметтiк-экономикалық әсерін есептеу осындай жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

2011 жылдың 26 қыркүйегiнде "Мемлекеттiк бiлiм беретiн жинақтау жүйесі туралы" және "Мемлекеттiк бiлiм беретiн жинақтау жүйесінің сұрақтары бойынша кейбiр заң шығарушы актілерге өзгерiстер және қосымшаларды енгiзу туралы" заң жобаларының тұжырымдамалары заң жобалау қызметінің сұрақтары бойынша мекеме аралық комиссиясымен мақұлданған.

Заң жобаларына ғылыми, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаларының қорытындылары, ҚР БҒМ жаңында тіркелген – ҚР жоғары оқу мекемелерінің Бірлестігінің, ҚР кәсіби білім беру ұйымдарының Бірлестіктерінің, "Атамекен" Одағының - меншік кәсіпкерлік субъектілерінің қорытындылары алынған.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін жоспарланған іске қосу мерзімі – 2012 жыл.