Мемлекеттiк бiлiм беретiн жинақтау жүйесi
Негізгі ережелер – мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі:

Білімнің қол жетерлігін қамтамасыз етудегі жаңа сөз

2011 жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында «Болашақты бірге құрамыз!», мемлекет Басшысы қазақстандықтарда балаларының оқуына, мемлекеттен пайыздық бонустар алумен, қаражаттарды жинаудың жаңа мүмкiндiктерi пайда болу керектігін атап өтті , және Үкiметке техникалық және жоғары бiлiм деңгейлерi үшiн, қазір Жилстройсбербанк ипотекалық құрылыста жүзеге асыратынға ұқсас жинақтау жүйесiн әзірлеуді тапсырды.

МБЖЖ негізгі ойы келесіде:

Әрбір адам болашақта, туылғанынан бастап еліміздің кәсіби оқу орындарында өз балаларының немесе туыстарының оқуын төлеу үшін екінші дәрежелі банктердің депозиттерінде ақшалай қаражатты жоспарлы жинақтай алады.

Мемлекет өз тарапынан азаматтардың бiлiм салымдарына мемлекеттiк сыйақыны есептейді.

Бұдан басқа, білімге жиналған қаражаттың жеткiлiксiз жағдайында салымшыларға жетіспейтін сомаға белгілі ықшамдалған шарттары бойынша бiлiм қарызын алу мүмкіндігі ұсынылады.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жобасының Негізгі ережелері:

1. МБЖЖ мақсаты, міндеттері және негізгі қағидалары

МБЖЖ мақсаты – Қазақстан азаматтары үшін ЖОО және ТКБҰ (техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары) білім беру қызметтерін қаржыландыру және жинақтаудың қол жетерлің құралын ұсыну.

МБЖЖ міндеттері:

• тұрғындар үшін техникалық және кәсiби, орташадан кейінгі және жоғары бiлiмнiң ашықтығын жоғарылату;

• ата-аналар және студенттер үшiн оқу үшін төлеу әдiстерiн кеңейту;

• техникалық және кәсiби, орташадан кейінгі және жоғары бiлiмді қаржыландырудың мемлекеттiк құралдарының түрлерiн кеңейту;

• азаматтардың қаржы сауаттылығын және жинақтаудың мәдениетiн жоғарылатуы.

МБЖЖ механизмі келесі қағидаларға негізделеді:

• ҚР азаматтарының жинақтарын сақталуына;

• ҚР азаматтарының жинақтарын мақсатты қолданудың қамтамасыз етуге;

• ҚР азаматтарының жинақтарын мемлекет тарапынан мадақтауға.

2. МБЖЖ қатысушылары:

1) енгізуші, салымшы, қосымша – несие алушы;

2) оператор («Қаржы орталығы» АҚ);

3) екінші дәрежелі банк (банк-қатысушы), қосымша – несие беруші;

4) білім беруді ұйымдастыру (ЖОО, ТКБҰ);

5) білім беру саласында өкілетті орган;

6) қаржы саласында өкілетті орган.

Безымянный.JPG

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің үлгісі

ҚР БҒМ/ҚР ҚМ түріндегі ҚР Үкіметі

Мемлекеттен сыйлықақы

«Қаржы орталығы» АҚ

Мемлекеттен сыйлықақы

Екінші дәрежелі банктер – салымдар – Салымшы/енгізуші

Пайыздық сыйақы және мемлекеттен сыйақы ЖОО/ТКБҰ

Оқу құны

3. Оператордың және екінші дәрежжелі банктің өзара қарым-қатынасы

Оператор және екінші дәрежелі банк өзара қарым-қатынас тәртібі және шарттары бекітілген, МБЖЖ бойынша ынтымақтастық туралы Келісім жасасады.

4. Білім беру жинақтау салымы туралы келісім

Кәмелеттік жастағы кез келген жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резидент немесе резиденті емес – МБЖЖ қатысушы-банкпен белгілі бір мерзімде, мөлшерін салымшы дербес анықтайтын, тұрақты салымдарды салуды көздейтін білім беру жинақтау салымы туралы келісім жасаса алады.

Кәмелетке толмаған салымшы пайдасына немесе атынан білім беру жинақтау салымы туралы бiр ғана келiсiм жасала алады.

Бiлiм беретiн жинақтау салымы салымшымен, туыстық мәртебеге байланыссыз, кәмелетке толмаған кез келген балаға ашылуы мүмкін. Салым толықтыруды салымшылар да, сонымен қатар үшінші жақтар да жүзеге асыра алады.

Оқуға жинақтаудың минималды мерзiмі - 3 жыл, максималды мерзiмi шектелмеген, дегенмен салымға мемлекеттiң сыйақысы келісім жасасқан күннен 20 жылдан артық емес есептеледі.

салым ашу үшiн бастапқы бiр жолғы жарна - 3 АЕК.

Бiлiм беретiн жинақтау салымы жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті кепiлдiк берудiң объектісі болып табылады.

5. Қатысушы-банктің сыйақысы

Салымға банк ай сайын салымның негізгі сомасына қосылатын (капиталданады), нарықтық мөлшерлеме бойынша сыйақы есептейді.

6. МБЖЖ мемлекеттік қолдау шаралары

МБЖЖ қолдаудың келесі шаралары көзделеді:

6.1. Қаражаттарды жинақтау кезеңінде мемлекет жыл сайын салымшыларды республикандық бюджет қаражаттарынан қаржы жылының қорытындылары бойынша депозит сомасына жылдық 5% мөлшерінде мемлекет сыйақысын есептеу түрінде марапаттайды, бірақ 100 АЕК артық емес.

Азаматтардың әлеуметтік осалды санаттарынан балалар пайдасына ашылған салымдар бойынша мемлекеттің сыйақысының жоғарланған мөлшері (жылдық 7%, бiрақ 100 АЕК артық емес) туралы сұрақ қарастырылып жатыр. мемлекеттiң сый ақысының үлкен өлшемi туралы сұрақты қаралады.

Мемлекеттiң сыйақысының мөлшерлемесін есептеу «банк сыйақысы+мемлекет сыйлығының» жиынтығы жинақтың барлық сомасының құрылымында, жинақтау мерзіміне байланысты 20% -н 50%-ға дейін құралып жасалған.

Безымянный2.JPG

Екінші дәрежелі банктер- Жылдық 5% мөлшерінде сыйақыны есептеу 30-35%

Республикалық бюджет – мемлекет сыйлықақысы-20%

Салымшылар (ата-аналар, салымшы, үшінші жақтар) – салымдар - 40-50%

Салымшыға білім грантын берген жағдайда, білім беретін жинақтау салымының қаражаттары мемлекеттің есептелген сыйлығымен келесі мақсаттарға жіберу жоспарланады:

1) кез келген үшінші тұлғаға ашылған (ашылатын) білім беретін жинақтау салымы (қайта ресімдеу);

2) білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатымен, жоғары оқудан кейінгі білімді қоса, білім қызметтерін төлеу;

3) мемлекет есептеген сыйлықты сақтаумен салымшымен алынған.

Мемлекет сыйлығын республикандық бюджетке қайтару келесі негізгі жағдайларда көзделеді:

1) білім беретін жинақтау салысы туралы келісімін енгізуші (салымшы) бастамасымен мерзімінен бұрын бұзу;

2) салымшыны білім беру ұйымынан үлгермеушілік себебімен шығару.

Мемлекет сыйлығының мөлшері білім және бюджет орындалуы облыстарындағы өкілетті органдарымен әр 3 жыл сайын қайта қарастырылатын болады.

6.2. Білім беретін несиені жинақтау және өтеу кезеңінде мемлекет енгізушіге (салымшыға) жеке табыс салығын салуға жататын табыстар түрлерінен мемлекеттің сыйлығын алып тастау түрінде салықтық жеңілдіктер ұсынады.

7. Білім беретін қызметтерді төлеу

Білім беретін қызметтерді төлеудің келесі механизмі көзделеді:

1) салымшы қатысушы-банкке білім беру қызметтерін көрсету келісімінің көшірмесін ұсынады;

2) салымшы төлеу кезеңділігін таңдайды: транштармен (әрбір семестр немесе әрбір оқу жылы үшін) немесе біруақытылы (оқудың толық құны);

3) қатысушы-банк берілген құжаттар негізінде білім беру ұйымының есеп-шотына салымнан қаражаттарды аударады.

8. Оператордың және білім беретін ұйымның өзара әрекеттесуі

Оператор:

1) салымшымен білім алатын жинақтау салымының және білім алатын несиенің мақсатты міндетін орыдауының мониторингін жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымына немесе қатысушы-банкке республикалық бюджетке қайтарылатын мемлекет сыйлығының сомасының мөлшері туралы анықтама-көшірмені дайындайды және жібереді;

3) білім беру ұйымы немесе қатысушы-банк республикалық бюджетке мемлекет сыйлығын қайтару есебінен оператор шотына түскен қаражаттарды аударады.

Білім беретін ұйым:

1) қатысушы-банк, несие беруші немесе оператор өтінімі бойынша оларды салымшының есепке қосу, бөліп шығару, аудару, оның ішінде сәйкес құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы шығарумен байланысты хабарлайды;

2) салымшы (несие алушы) немесе қатысушы-банк (несие беруші) өтінімі бойынша қажет академиялық кезеңге оқу құны туралы анықтамалар немесе анықтама беру күніне оқудың толық құны туралы анықтамалар береді;

3) оператор өтінімі бойынша салымшы-студент туралы қажетті мәліметтер ұсынады;

4) салымшы-студентті оқудан шығару жағдайында оператор арқылы анықтама-көшірмеге сәйкес республикалық бюджетке мемлекет сыйының сомасын қайтарады.

9. МБЖЖ шегінде білімдік несие беру

Егер жиналған қаражат оқудың толық құнын төлеуге жетпеген жағдайда, салымшы МБЖЖ шегінде білім несиесін алуға құқылы.

Білім несиесі:

1) оқу құнын толық төлеу үшін қажет сомадан кем дегенде 50% жиналған сома мөлшерінде беріледі;

2) оператордың 100% кепіліне ұсынылады;

3) несие берушімен қалдық сомаға, оны білім ұйымында оқу құнын көбейту сомасына түзету мүмкіндігімен, несие желісін ресімдеу жолымен ашылады.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шегінде несие алушыға үлгерушіліктің сәйкес деңгейінің талаптары және оператордың білім несиесі бойынша қамтамасыз ету кепілінен басқа талаптар қойылмайды.

10. МБЖЖ енгізуден әлеуметтік-экономикалық нәтиже

жалпы ел үшін:

нарықтық экономика жағдайында қоғамда талап етілген, әлеуметтік бағыттылықтың мақсатты қаржылай құралын құру,

білім беру қызметін төлеуде халықты қолдау бойынша мемлекет үшін құралдар қатарын кеңейту,

кәсіби білім жүйесінде мемлекеттік қаржы қорларын халықтың ең осалды қабаттары үшін қайта бөлу,

халықтың қаржы қорларын жұмылдыру.

жеке азаматтар үшін:

халық үшін жоғары, техникалық және кәсіби білімге қол жетерлікті арттыру,

азаматтардың қаржы сауаттылығын және сақтау мәдениетін жоғарылату.