Мемлекеттiк бiлiм беретiн жинақтау жүйесi
Мемлекеттiк бiлiм беретiн жинақтау жүйесi
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Баспасөз хабарлама

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

БАҚ үшін Баспасөз релизі

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – бұл әрбір адамға болашақта, туылғанынан бастап Қазақстанның және шетелдің колледждері мен ЖОО-да өз балаларының немесе туыстарының оқуын төлеу үшін екінші дәрежелі банктердің депозиттеріндегі ақшалай қаражатты жоспарлы жинақтау мүмкіндігін ұсынатын, ақылы кәсiби және жоғары бiлiм алуды мемлекеттік қолдаудың жаңа балама әдісі.

Жинақтау жүйесiн бiлiм беру мақсаттарына енгiзу грантты жою туралы айтпайды. Тұрғындар үшiн БҰТ нәтижелері негізінде, сонымен бірге кейбір жоо-да жарыс негізінде берілетін гранттарды алу арқылы жоғарғы және кәсiби бiлiм тегiн алу мүмкiндiгi сақталынады.

Жаңа жүйе ақылы бiлiм алуды қолдаудың қосымша үлгісі сияқты ұсынылады. Бiлiмнiң алуды қаржылай қамтамасыз етудiң қандай да болмасын әдісінің пайдасына таңдау – қаражаттаржы жинау, білім беру несиесін ресімдеу немесе меншік қаражатпен төлеуді әрбiр өзі iстейдi.