Қамқоршылық кеңестері

Жан басына қаржыландыру шеңберінде пилоттық мектептерде қамқоршылық кеңестерінің жұмысы да сынақтан өткізілуде. Бұдан былай мектептің қызметіне қатысты мәселелер бойынша шешімдерді мектеп басшысы емес, мектептің алқалы басқару органы – қамқоршылық кеңес қабылдайтын болады.

Қамқоршылық кеңесіне төмендегідей өкілеттік беріледі:

- мектепті дамытудың басым бағыттары, оқу-тәрбие мәселелері, мектептің ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметі жөнінде ұсыныстар енгізу;

- мектептің басшысын іріктеу байқауына, мектеп бюджетін қалыптастыруға, мектеп қызметкерлеріне ынталандыру сипатындағы төлемдерді белгілеуге қатысу;

- демеушілік көмектің тартылуын қамтамасыз ету және оны үлестіру.

Мектептің қамқоршылық кеңесінің құрамына әкімдік өкілдері, мектеп басшысы, бизнес өкілдері (демеушілер), жұмыс берушілер, мектеп түлектері ұйымдарының, ата-аналар қоғамдарының, үкіметтік емес ұйымдары мен өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.

Қамқоршылық кеңестері арқылы мектептерді басқарудың корпоративтік нысанын енгізу шешім қабылдауда, нәтижеге, ашықтық пен жариялылыққа, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бағдарланған қызметті ұйымдастыруда алқаластықты қамтамасыз етеді.