План гарантирования акционерного общества «Финансовый центр» по кредитам, предоставляемым обучающимся банками второго уровня
Екiншi деңгейдегі банктердiң берген білім беру кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепiлдiк беру ережесiн бекіту туралы

1. Осы Кепілдік беру жоспары «Екiншi деңгейдегі банктердiң берген білім беру кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепiлдiк беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 745 қаулысына,

«Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 бұйрығына,

«Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығына,

«Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығына сәйкес әзірленген және кепілдік мөлшерін анықтау өлшемдері мен тәртібін белгілейді.

2. Кепілдік мөлшері білім алушының кепілдік беруге өтінімі алынған күндегі алда өткен академиялық кезеңдегі үлгеріміне байланысты болады, алда өткен академиялық кезең үшін оқу үлгерімі туралы ақпарат болмаған жағдайдабілім туралы дипломына қосымшаның қорытынды бағалары немесе ҰБТ/КТ нәтижелері қолданылады. Білім алушының алда өткен академиялық кезең немесе бірнеше академиялық кезеңдер үшін оқу ақысын төлеуде берешегі болған жағдайда, оқу үлгерімі соңғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша есептеледі.

3. Мынадай оқу үлгерімдері есепке алынады:

- оқуға түсушілер (талапкерлер) үшін ҰБТ/КТ сертификатына сәйкес

- жоода білім алушылар үшін, алда өткен академиялық кезең (семестр, триместр, тоқсан) үшін жоо анықтамасына сәйкес транскриптіде көрсетілген GPA (Grade Point Average) қарай. GPA (Grade Point Average) болмаған жағдайда бес балдық жүйе бойынша үлгерімнің орташа статистикалық балы есепке алынады. Орташа статистикалық балды есептеу кезінде «сыналды», «сыналмады» деген бағалар есепке алынбайды.

4. ЖООлардың қатысуымен білім беру кредиттеріне кепілдік беру, Жеңілдікті білім беру кредиттеріне кепілдік беру бағдарламалары бойынша кепілдік мөлшері әріптес банктермен жасалған Бас келісімдерде белгіленеді.

5. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандыққа түсушілердің үлгерімі арнайы (шағырмашылық) емтихан нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ/КТ нәтижесі (екі пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі және Қазақстан тарихы) бойынша есептеледі. Бір шығармашылық емтихан бойынша максималды балл саны – 25. арнайы (шығармашылық) емтихан саны екіге тең.

6. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсушілердің үлгерімі түсу емтихан нәтижелерінің пайыздық мәндегі орташа арифметикалық мәнін есептеу арқылы есептеледі. Түсу емтихандары білімді бағалаудың түрлі жүйелері бойынша бағаланған жағдайда оқу үлгерімі әр пән бойынша пайыздық мәнде жеке-жеке есептеледі және алынған нәтижелердің орташа арифметикалық мәні анықталады. Түсу емтихандары болмаған жағдайда оқу үлгерімі дипломға қосымшаның қорытынды бағаларының орташа арифметикалық мәнін есептеу арқылы анықталады, ал кредиттік жүйеде дипломға қосымшадағы қорытынды GPA (Grade Point Average) есептеледі.

7. Жоғары білімі бар азаматтар қысқартылған мерзімге оқуға түскен жағдайда оқу үлгерімі түсу емтихан нәтижелерінің орташа арифметикалық мәнін есептеу арқылы есептеледі. Түсу емтихандары болмаған жағдайда оқу үлгерімі дипломға қосымшаның қорытынды бағаларының орташа арифметикалық мәнін есептеу арқылы анықталады, ал кредиттік жүйеде дипломға қосымшадағы қорытынды GPA есептеледі.

8. Орта кәсіптік білімі бар азаматтар қысқартылған білім бағдарламалары бойынша мәндес мамандыққа түскен жағдайда оқу үлгерімінің орташа балы түсу емтиханының орташа арифметикалық мәнін есептеу арқылы есептеледі, ал түсу емтихандары болмаған жағдайда оқу үлгерімі орта техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымшаның қорытынды бағаларының орташа арифметикалық мәнін есептеу арқылы анықталады.

9. Кепілдік мөлшері № 1-4 кестеге қарап, тиісті кепілдік беру бағдарламасына байланысты анықталады.

10. 4-тармақ 2009 жылғы 20 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Кепілдік беру пайызының мөлшерін анықтауға арналған өлшемдер

50%

65%

80%

95%

ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдап алған пәні)/

кешенді тестілеу нәтижелері бойынша оқу үлгерімі

50-ден 65 (қоса алғанда) балға дейін

65-тен 80 (қоса алғанда) балға дейін

80-нен 90 (қоса алғанда) балға дейін

90 балдан жоғары

Емтихан сессиясы қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерімі (бесбалдық жүйе)

3,5-тен 3,8 (қоса алғанда) балға дейін

3,8-ден 4,2 (қоса алғанда) балға дейін

4,2-ден 4,5 (қоса алғанда) балға дейін

4,5 балдан жоғары

GPA (Grade Point Average)

1,33-тен 1,99 дейін

2,00-ден 2,66 дейін

2,67-ден 3,66 дейін

3,67 балдан жоғары

Пайыздық мәндегі оқу үлгерімі

55-тен 64 дейін

65-тен 74 дейін

75-тен 89 дейін

90-нан 100 дейін

1-кесте. Жоғары оқу орындарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу ақысын төлеу мақсатында екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттерге кепілдік беру бағдарламасы бойынша негізгі қарыз сомасына қарай есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау:

2-кесте. Колледж оқушыларына екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттерге кепілдік беру бағдарламасы бойынша негізгі қарыз сомасына қарай есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау:

Кепілдік беру пайызының мөлшерін анықтауға арналған өлшемдер

50 %

65%

80 %

95 %

3 пән – қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән бойынша түсу емтихандары нәтижесіндегі үлгерімі (жалпы білім базасында түсушілер үшін)

30-дан 45 (қоса алғанда) балға дейін

45-тен 60 (қоса алғанда) балға дейін

60-тан 75 (қоса алғанда) балға дейін

75 балдан жоғары

негізгі орта білім базасында түсушілер үшін 2 пән – қазақ немесе орыс тілін және мамандық бейіні бойынша пән бойынша түсу емтихандары нәтижесіндегі үлгерімі

20-дан 30 (қоса алғанда) балға дейін

30-дан 40 (қоса алғанда) балға дейін

40-тан 50 (қоса алғанда) балға дейін

50 балдан жоғары

ҰБТ/кешенді тестілеу/3 пән – қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән нәтижесіндегі үлгерімі (жалпы орта білім базасында түсушілер үшін)

30-дан 45 (қоса алғанда) балға дейін

45-тен 55 (қоса алғанда) балға дейін

55-тен 65 (қоса алғанда) балға дейін

65 балдан жоғары

емтихан сессиясының нәтижесі бойынша ағымдағы үлгерімі (бес балдық жүйе)

от 3,5 до 3,8 (қоса алғанда) балға дейін

от 3,8 до 4,2 (қоса алғанда) балға дейін

от 4,2 до 4,5 (қоса алғанда) балға дейін

4,5 жоғары

GPA (Grade Point Average)

от 1,33 до 1,99

от 2,00 до 2,66

от 2,67 до 3,66

3,67 балдан жоғары

пайыздық мәндегі кредиттік жүйе бойынша емтихан сессиясының нәтижесі бойынша үлгерімі

55-тен 64 дейін

65-тен 74 дейін

75-тен 89

90-нан 100

3-кесте. Оқумен бірге жүретін шығыстарды жабу үшін жоо білім алушыларына екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттерге кепілдік беру бағдарламасы бойынша негізгі қарыз сомасына қарай есептелетін кепілдік мөлшерін анықтау:

Кепілдік беру пайызының мөлшерін анықтауға арналған өлшемдер

80%

95%

Емтихан сессиясының нәтижесі бойынша ағымдағы үлгерімі (бес балдық жүйе)

4,2-ден 4,5

(қоса алғанда) балға дейін

4,5 балдан жоғары

GPA (Grade Point Average)

2,67-ден 3,66 (қоса алғанда) балға дейін

3,67 балдан жоғары

Пайыздық мәндегі кредиттік жүйе бойынша емтихан сессиясының нәтижесі бойынша үлгерімі

75-тен 89 дейін

90-нан 100 дейін

4-кесте. Жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу мақсатында академиялық кезеңдегі оқу құнына қарай есептелетін, негізгі қарыздың 100%-ына кепілдік берілген және екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер сомасының мөлшерін анықтау:

Білім алушының үлгеріміне қарай кредит сомасының мөлшерін анықтауға арналған өлшемдер

70 %

85 %

100 %

Жоғары оқу орындарына түсушілер үшін ҰБТ (қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдап алған пәні)/ кешенді тестілеу нәтижесі бойынша үлгерімі

70-тен 79 дейін

80-нен 89 дейін

90-нан жоғары

GPA (Grade Point Average)

2,00-ден 2,66 дейін

2,67-ден 3,33 дейін

3,34-тен жоғары

жоғары оқу орындарында білім алушылардың пайыздық мәндегі кредиттік жүйе бойынша үлгерімі

65-тен 79 дейін

80-нен 89 дейін

90-нан жоғары

жоғары оқу орындарында білім алушылардың бес балдық жүйе бойынша үлгерімі

3,75-тен 4,24 дейін

4,25-тен 4,74 дейін

4,75-тен жоғары

5-кесте. Төртбалдық жүйе бойынша сандық баламасына сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша баға

Балдың сандық баламасы

%-дық мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Үздік

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанғысыз