Жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізу

2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың 4 облысындағы пилоттық 50 мектепте (Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізу басталды.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағы өткізілетін мектептердің қатарына Ақмола облысының тағы 13 мектебі қосылмақ.

Осы ретте, 2013-2014 жылдарда өткізілетін сынақтың нәтижесі жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын жалғастыруға немесе орта білім беруге толық ауқымда енгізілуіне негіз болады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, пилоттық мектептерде мектептің жаңа алқалы басқару органы ретінде қамқоршылық кеңестері сынақтан өткізілуде.