Жан басына нормативтік қаржыландыру туралы қысқаша жалпы ақпарат

Жан басына нормативтік қаржыландырудың мәні білім беру мекемелерінің шығыстарын қаржыландырудан оқушыларды оқытуға шығыстарды олардың санына байланысты қаржыландыруға көшіруде.

Жан басына нормативтік қаржыландыру жағдайында мәселеге деген көзқарастың өзі өзгереді. Мұнда оқушылар және олардың мүдделері мен сапалы білім алуға құқықтары бірінші орынға шығады. Білім беру ұйымының ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелерін басқарудың, сондай-ақ білім беру үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі артады, нәтижесінде, осының барлығы білім беру мекемелерінің арасындағы оқушылар, мұғалімдер мен олардың жұмысын ынталандыратын қосымша шаралар үшін «дұрыс» бәсекенің пайда болуына әкеледі.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру білім беру процесіне (мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім беру стандартын іске асыруға (ссылка: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1200001080)) шығыстарды республикалық деңгейде орталықтандыруға және қаражатты бір жылда бір оқушыға есептеп бөлуге негізделеді. Бөлінетін қаражаттың көлемі оқушылардың санына байланысты.

Орта білім беру ұйымындағы білім беру процесінің шығыстары мыналарды қамтиды:

Ø қызметкерлердің жалақысын төлеуге шығыстар;

Ø жұмыс берушінің жарналары;

Ø қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына бір лауазымдық жалақы мөлшеріндегі сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеуге шығыстар;

Ø оқу шығыстары (қосымша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу, көрнекілік материалдар және құралдар);

Ø білім беру үдерісін қаржыландыру көлеміндегі ынталандыратын бөлік – орта білім беру ұйымының қызметкерлеріне сыйлықақылар төлеуге және олардың еңбекақысын қызмет нәтижелеріне қарай саралау мақсатында ынталандыратын үстемеақылар белгілеуге, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының білім беру үдерісімен байланысты басқа да қажеттіліктерді өтеу үшін қарастырылған республикалық бюджет қаражаты.

Орта білім беру ұйымының білім беру үдерісіне шығыстар әрбір білім алушыға анықталады (білім беру үдерісіне жан басына қаржыландыру нормативі). Білім беру үдерісін жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшері мыналар бойынша ажыратылады:

– іске асырылатын білім беру бағдарламаларының түріне қарай: жалпы білім беру, мамандандырылған, арнайы білім беру оқыту бағдарламалары, үйде жекеше оқыту;

– іске асырылатын білім беру бағдарламасының деңгейіне байланысты: жалпы орта білім беретін мектептер, лицей және гимназияларда мектепалды сыныптарындағы мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру;

– білім беру бағдарламасының іске асырылу орнына қарай: қала, ауылдық жер.

Мектептердегі білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша қызметтер (коммуналдық қызметтер, ағымдағы жөндеу, ғимаратты ұстау және күту, оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру, басқадай қызметтер) өңірлердегі орта білім беру ұйымдары желісінің жағдайы мен дамуына жауапкершілікті сақтау мақсатында жергілікті атқарушы органдарының құзыретінде қалады.

Білім беру ортасына шығыстар орта білім беру ұйымдарының нақты қажеттіліктері негізінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары есепке алына отырып қаржыландырылады.

Орта білім беру ұйымының білім беру үдерісін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан, білім беру ортасын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

Жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу үшін негіздеме:

1) ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы («раздел «Финансирование системы образования») (ссылка: http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1000001118):

«Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу орта білімде мемлекеттік шығыстарды басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігі болады. 2011 жылы жан басына қаржыландыру әдістемесі әзірленетін болады. Ол бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және халықтың әртүрлі жіктері үшін сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға ықпал ететін болады. 2015 жылға қарай жан басына шаққандағы қаржыландыру ШЖМ-нан басқа, мектепке дейінгі білімнен ТжКБ-ге дейінгі барлық білім беру ұйымдарында іске асырылады.

2) Елбасының Назарбаев Университеті студенттерінің алдында сөйлеген сөзі (2012 ж. 5 қыркүйек) (ссылка: http://www.akorda.kz/ru/page/page_vystuplenie-prezidenta-kazakhstana-pered-studentami-nazarbaev-universiteta_1346990218):

«Біз орта білім беруді жан басына қаржыландыруға сатылап көшіруді қамтамасыз етуіміз қажет. Оқушы басқа мектепке ауысқан жағ­дай­да ақша да онымен бірге барады. Осылайша, біз мектептер арасын­дағы бәсекелестікті арттырамыз. Үкіметке қанатқақты мектептерде жан басына қаржыландыруды ен­гізу­ге кірісуді тапсырамын».

Жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізудің мақсаты және тиімділігі:

Қазақстанда енгізіліп жатқан жан басына нормативтік қаржыландыру орта білім беруді қаржыландыру жүйесін жетілдіру және мектептердегі білім беру үдерісін іске асыруға бюджет шығыстарын білім берудің мемлекеттік стандарттарының бірыңғай талаптарына сәйкес мөлшерлеу арқылы оны білім беру қызметтеріне бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағдарлау мақсатын көздейді.

Жан басына нормативтік қаржыландыру білім беру үдерісінің жан басына шаққандағы нормативін (1 оқушыны оқыту құнын) қолданыла отырып, азаматтардың тегін орта білім алуға құқығын қаржымен қамсыздандыруға қаражат көлемін есептеуде бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.

Жан басына нормативтік қаржыландыру «ақша оқушының соңынан ереді» принципіне негізделген. Жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізудің нәтижелері мынадай болмақ:

ü оқу орындарының арасындағы бәсеке дамиды, өйткені оқушылар мен олардың ата-аналары үшін үздік мектепті таңдауға мүмкіндік пайда болады, ал мектепке ақша оқушымен бірге келеді.

ü білім беру үдерісінің сапасы артады, өйткені оқушылардың кетіп қалу қауіпі мектеп әкімшілігі мен жергілікті билік органдары үшін мектептегі мұғалімдер құрамын, материалдық базаны және оқу жағдайларын жақсартуға түрткі болады.

Мектептердің педагогикалық қызметкерлерін қосымша ынталандыру

Қазіргі таңда Қазақстанда қолданыстағы білім беру ұйымдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі жұмыстың түпкілікті нәтижесімен байланысты емес және лауазымдық қызметақыны (мөлшерлемені), еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақыларды ғана қамтиды. Қызметкерлер үшін ынталандыратын үстемеақылар мен қосымша ақыларды білім беру мекемесінің қаражатын үнемдеген жағдайда және кредиттік қарызы болмаса ғана белгілеуге болады. Еңбекақыны есептеудің қолданыстағы тәсімдері қызметкерлер жұмысының нақты нәтижелерімен байланысты емес.

Жан басына нормативтік қаржыландыру тетігін енгізу шеңберінде мектептерде республикалық бюджеттің есебінен (білім беру үдерісіне көзделген шығыстардың шамамен 10 % ) педагогикалық қызметкерлерге олардың қызметінің нәтижесіне қарай сыйлықақылар төлеуге және ынталандыратын үстемеақылар белгілеуге, сондай-ақ мектептің білім беру үдерісімен байланысты басқа да қажеттіліктерін (оқушылар үшін дамыту әдебиетін сатып алу, мектепке шақырылатын дәріскерлердің қызметіне ақы төлеу және т.б.) өтеуге ынтыландыру қорларын құру жоспарланады.

Жан басына қаржыландыру жағдайында педагогтарды еңбекке ынталандыру жас оқытушыларды мектептерде жұмыс істеуге тартады, өйткені егер ол жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз етсе, бұл жас мұғалімге жұмыс өтіліне қарамастан лайықты еңбекақы алуға мүмкіндік береді. Бұл еңбек өтілі бар тәжірибелі мұғалімдер үшін де күшті ынталандыру түрткісі.

Жан басына нормативтік қаржыландырылатын пилоттық мектептерді қаржыландыру тәсімі

Пилоттық мектептерде білім беру үдерісін жан басына қаржыландыру БҒМ мен жергілікті атқарушы органдары арасында келісім жасау жолымен республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттердің есебінен іске асырылады.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінуі және жұмсалуы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Пилоттық мектептердің білім беру ортасын қаржыландыру тиісті жергілікті бюджеттердің қаражатынан және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады (яғни, қолданыстағы тәсім бойынша қаржыландырылады).