«Қаржы орталығы» АҚ рөлі

«Қаржы орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен жасалған шарт бойынша 2013 жылы пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландырудың енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу жөніндегі қызметтердің операторы болып табылады.

Шарттың шеңберінде «Қаржы орталығы» АҚ төмендегідей қызметтерді көрсетеді:

1) республиканың мектептерінде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны әзірлеу;

2) мүдделі тараптар үшін жан басына нормативтік қаржыландыру мәселелері жөнінде кеңес беру және семинарлар өткізу;

3) пилоттық мектептердегі оқушылардың қозғалысын, мектептердің ынталандыру қорлары қаражатының пайдаланылуын және мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қызметін мониторингілеу;

4) білім беру үдерісін қаржыландыруға шығыстардың сомасын есептеу;

5) сынақ өткізу кезінде мектептерде туындайтын мәселелерді талдау және БҒМ-ға тиісті ұсыныстар енгізу.

2013 жылғы 2 қыркүйектен 3 қазан аралығында «Қаржы орталығы» АҚ әкімдіктер мен Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы пилоттық 50 мектептің өкілдері үшін жан басына нормативтік қаржыландыруға ауысу мәселелері бойынша көшпелі кездесулер мен ақыл-кеңес беру семинарлары өткізілді:

– Шығыс Қазақстан облысында – 18 қыркүйекте;

– Ақтөбе облысында – 20 қыркүйекте;

– Алматы облысында – 24 қыркүйекте; 

– Оңтүстік Қазақстан облысында – 3 қазанда.

Аталмыш кездесулер мен семинарларға облыстық білім басқармаларының басшылары, облыстық, қалалық және аудандық экономика және қаржы, білім басқармаларының/бөлімдерінің өкілдері, жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізуге қатысушы пилоттық мектептердің директорлары мен бас бухгалтерлері қатысты.

2013 жылғы 9 желтоқсанда «Қаржы орталығы» АҚ БҒМ Қаржы және инвестициялық жобалар департаментінің қатысуымен Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің және пилоттық мектептердің өкілдері үшін жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізу мәселелері бойынша бейнеконференция өткізілді.

Сондай-ақ, «Қаржы орталығы» АҚ облыстық білім басқармалары мен пилоттық мектептер үшін телефон байланысы және электрондық пошта арқылы тұрақты түрде ақыл-кеңес беруде.