1 (бір) оқушыны оқыту құнын есептеу

Бір оқушының оқу құнын (жан басына қаржыландыру нормативін) есептеу үшін Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі (ссылка) (бұдан әрі – Әдістеме) әзірленді.

Нақты мектепке білім беру процесін қаржыландыруға республикалық бюджеттен бөлінетін ақшалай қаражат көлемі сол мектептегі оқушылардың санына байланысты және оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ) Әдістеме бойынша есептелген жан басына қаржыландыру нормативін сол мектептегі оқушылар санына (білім деңгейіне, білім беру бағдарламасына қарай) көбейту арқылы белгілейді.

Жан басына қаржыландыру нормативін және мектептердің білім беру процестерін қаржыландырудың жалпы көлемін есептеуде БҒМ мыналарды ескереді:

– еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген еңбек жағдайы үшін төленетін барлық қосымша ақылар мен үстемақыларды, оның ішінде біліктілік деңгейі, экологиялық апат және радиациялық қауіп-қатер аймағында тұрғаны үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардың ең жоғарғы көрсеткіші ескеріледі;

– қалалық және ауылдық мектептердегі сыныптардың нормативтік (есептік) толымдылығы (қалада – 24 адам, ауылда – 20 адам);

– сыныптардың шекті толымдылығы (25 адам), өйткені сыныптың шекті толымдылығынан тыс оқушыларды оқыту құны азаяды.

Сонымен қатар, 1 оқушыны оқыту құны қосымша оқулықтарды, ОӘК, оқу, көрнекілік материалдар мен құралдар сатып алуға 1 оқушыға 1 АЕК мөлшеріндегі (қорлану циклін есепке ала отырып, оқулықтар сатып алуға ағымдағы шығыстардың негізінде) шығыстарды қамтиды.