Жастарды қолдау
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережелері
 

Ауылдық жерлерге жұмыс және тұру үшін келген мәдениет және спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және деңсаулық сақтау мамандарын әлеуметтік қолдау:

1) 70 еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомадағы көтерме ақы;

2) үй алу үшін әлеуметтік қолдау  - 600 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспафтын сомадағы бюджеттік несие;

3) мамандар үшін үй алуға бюджеттік несие 15 жылға беріледі; несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі несие сомасынан жылдық 0,01 % мөлшерінде қалыптасады.

Ауданның жергілікті өкілетті органы (мәслихат),мәдениет және спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, деңсаулық сақтау салаларындағы мамандарға қажеттілік есебімен, жыл сайын мамандарға үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме ақы ұсыну туралы шешім қабылдайды.

Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін аудан әкімдігімен қоғамдық ұйымдар және ауданның атқарушы органдарыны өкілдіктерінен, аудандық мәслихат депутаттарынан тұратын үнемі жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі - комиссия) құралады.

Ауылдық аймақты дамыту бойынша аудандық өкілетті орган комиссияның жұмысшы органы (бұдан әрі – жұмысшы орган) болып табылады..

Аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй алу үшін мамандарды несиелеу бойынша бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша сенімдімен (агентпен) тапсырма келісім жасасады.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман жұмыс органына келесі құжаттарды тапсырады:

1) Ережелерге 1 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3) жаңа жұмыс орыны бойынша кадрлік қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі;

4) сәйкес тұрғындық жерде тұратынын растайтын анықтама немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (үй кітабы);

5) білім туралы дипломның көшірмесі;

6) салық салушыны тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

7) әлеуметтік жеке код алу туралы куәлік;

8) Қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйді сатып алу-сату туралы алдын алаы келісімі.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқасында және көшірмесінде ұсынылады, одан кейін құжаттар түпнұсқасы маманға қайтарылады.

Осы ережелермен көзделмеген басқа құжаттарды ұсыну талабы рұқсат етілмейді.

Жұмысшы орган әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміттенетін мамандардың құжаттарын қабылдайды және тіркейді, қаржылай қаражат қажеттілігін есебін жүргізеді және қ4ұжаттарды қабылдағаннан кейін календарлы бес күн ішінде комиссияға жібереді.

Жұмысшы органнан құжаттар келіп түскеннен кейінгі сәттен он календарлы күн ішінде комиссия ұсынылған құжаттарды қарастырады және аудан әкімдігіне маманға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы ұсыныс береді.

Әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартса, жұмысшы орган үш жұмыс күні ішінде маманға себепті жауап жібереді.

Күмәнді құжаттар ұсыну факті бас тартуға негіз болып табылады.

Аудан әкімдігі комиссия ұсынысы түскен кезден он календарлы күн ішінде маамнға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы Қаулы қабылдайды.

Келісім жасасқаннан кейін:

1) жұмысшы орган жеті календарлы күн ішінде мамандардың дербес есеп-шоттарына көтерме жәрдемақы сомасын аударады, 2009ж.1 шілдесінен бастап;

2) сенімді (агент) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте, отыз жұмыс күні ішінде маманға тұрғын үй алуға несие ұсынады, 2010ж.1 қантарынан бастап.

Маманның несие бойынша міндеттерін орындау сол алынған тұрғын үй кепілімен қамтамасыз етіледі.

Бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдалануды бақылау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.