ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ
Казахский драматический театр уральск.jpeg

Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев 2002 жылдың 11 қыркүйегiнде Қарашығанақ интеграцияланған ұйымының әлеуметтік бағдарламасы шеңберiнде, Орал қаласында салынған қазақ драма театрының ашылу рәсiміне қатысты. Қазақ драма театрының құрылысына инвестициялардың сомасы шамамен 10 миллион АҚШ долларын құрады. Театр Оралдың тарихи ортасын органикалық толықтырады және көпшiлiгiнде сирек кездесетiн объект болып табылады. Бiрiншiден, ол тәуелсiз Қазақстанда салынған бiрiншi театр болып табылады. Екiншiден, жоба ұлттық мақамдарды және қазiргi сәулеттiк бағыттарды бiріктіреді. Үшiншiден, театр құрылысы рекордтық мерзiмде бiтiрілді - екi жылдан аз уақытта. Қазақ драма театрының бас көрермендер залы 280 көрермендерге есептелiнген. Театрда екi жаттығу залы, қоғамдық шараларды өткiзу холлдары, сыйлы қонақтар залы, декорациялар жасау бойынша цех, заманауи тон-студия, сонымен бiрге қосалқы бөлмелер жиынтығы бар. Театр труппасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Сердеш Қажымұратов және оның жұбайы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарлығаш Асқарова, Сахна шеберлері Гүлжиян Шынтемір, Борамбай Молдабаев, Республикалық көркем сөз байқауларының лауреаттары Асхат Маемиров, Қуаныш Амандықов, Ербол Есендосов және т.б. жұмыс істейді. Қызметтің толық емес 13 жылында театр ұжымы екі рет Театрлардың республикалық байқауларының лауреаты болды, ал 2005 жылы 17-ші Каирлік Халықаралық эксперименталды театрлар байқауына қатысты. Театр репертуары бай және әр алуан, жыл сайын 6-7 жаңа жоспарлы қойылымдар жүзеге асырылады, Хамита Ерғалиевтің «Құрманғазы», Иран Ғайыптың «Махамбет» және «Қорқыт», Жүмекен Нажмединовтың «Соғыстың соңғы жылы», Ермек Аманшаевтың «Үзілген бесік жыры» және т.б. атап өтуге болады.


Возврат к списку

(Голосов: 4, Рейтинг: 3.52)

Текст сообщения*
:) ;) :D 8) :( :cry: зл :o :oops: :{} Восклицание winner1 winner2 Хорошооо winner3 wallbash hammer wub wavetowel read1 welcom sos friend sorry Хейййй любовьь радость пиво кофеее языкккк sleepppp статьяяяя плиз танцыыы тт
Защита от автоматических сообщений
 
біздің серіктестіктер