Шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге даярлау
A-Level

A Level бағдарламасы Ұлы Британияда жоғары білім алатын студенттер үшін арнайы әзірленген. Бұл бағдарламаның мақсаты Британдық университеттердің алдын ала таңдалған факультетіне түсуге дайындалу.
A Level (A Levels) Ұлы Британия университеттеріне кіріспе емтиханы болып табылады және тек британдық жоғары оқу орындарына ғана емес, бүкіл әлем бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін қажетті біліктілік болып танылды. “А” деген “advanced” - “дамыған” білдіреді. A-Level бағдарламаларын Алтын стандарт деп атайды, себебі дәл олар университеттерге түсуге ең жақсы дайындықты қамтамасыз етеді. A-Levels тапсырғанда алынған жоғары бағалар болғанда ғана студенттер медицина сияқты жоғары мамандандырылған курстарға қабылдана алады, сонымен қатар ең беделді жоғары оқу орындарына қабылдануына мүмкіндік береді: University of Oxford, University of Cambridge, Imperial College, London и London School of Economics.
A-Level емтихандары әдетте дәстүрлі академиялық пәндермен байланыстырылады. Бұндай 2-5 емтихан тапсырады. Жоғары білімге жол ашу үшін кем дегенде үш A-Levels қажет. Ғылыми пәндерді кез келген жиынтықта тапсыруға болады, бірақ көпшілік таңдалған мамандықты алу үшін кіріспе минимумына енгендерді артық көред (тәжірибелі немесе теориялық дайындық болса да), тапсырылатын пәндер табиғи-ғылымдық немесе гуманитарлық бағытта болады.
A-Level бағдарламасын бойынша оқуын бастамас бұрын студент емтихан тапсыратын пәндерді таңдау керек. Пәндерді таңдау – оңай мәсле емес, себебі оның алдында студент қай университеттік бағдарламаға түсетінін нақты білу керек. Пәндер өрісі таңдалған университет және факультетке байланысты. A-Levels санын таңдаудағы шек Ұлы Британияның білім беру жүйесі ерте мамандандырылуға бағытталғанын дәлелдейді: оқушы 16 жасында оның болашақ карьерасын анықтайтын үш пән таңдау керек.
A-Levels бағдарламасына аяқталған орта білім бар жасы 16-дан жоғары студенттер қабылдануы мүмкін. Ағылшын тілі деңгейі IELTS 5.0/TOEFL 500 (или эквивалент) төмен болмауы керек. Өзінің тіл деңгейін жоғарлатқысы келетін студенттер ағылшын тілін оқудың қосымша курсын алуына болады.
Әдетте A-Levels бағдарламасы аптасына 20-25 академиялық сағатты көздейді, оның 16 сағаты таңдалған академиялық пәндер бойынша және 5-8 сағат ағылшын тілі бойынша. Тұрақты үй тапсырмалары және курстық жұмыстар кітапханада, компьютерлік орталықта және аудио-зертханада өзіндік оқуды болжайды. A-Levels дайындық кезіндегі меңгерілген оқу мәліметі көбінесе теориялық сипатта болады, бірақ тәжірибелік сабақтардағы жетістіктер де ескеріледі.
A-Level емтихандарына апаратын көп бағдарламалар екі жыл жалғасады, бірақ кейбір мектептер мен колледждерде 1-1,5 жылдық тездетілген бағдарламалар бар. Дайындықты жеке меншік мектеп-пансиондарында немесе жалғастырушы оқу колледждерінде өтуге болады,.мндай бағдарлама кейде тездетілген кесте бойынша өтеді. Дегенмен меншік мектептерінің түлектері оқудың өте жоғары сапасының және емтихандар нәтижелерінің арқасында Кембридж және Оксфордты қоса, барлық британдық университеттерге түсуге едуір көп мүмкіндіктері бар.
A-Levels бағдарламасын келесі оқу мекемелері ұсынады: Abacus College, Bellerbys College, Bromsgrove School, Lancing College, Dulwich College, Dover College, Royal Russel School, St.Lawrence College, St.Bede’s School, Box Hill School, Bradfield College, St.Edmund’s School және т.б.
 


Тізімге оралу

(Голосов: 46, Рейтинг: 4.36)

Текст сообщения*
:) ;) :D 8) :( :cry: зл :o :oops: :{} :?: Восклицание :idea: winner1 winner2 Хорошооо winner3 wallbash hammer wub wavetowel read1 welcom sos friend sorry Хейййй любовьь радость пиво кофеее языкккк sleepppp статьяяяя плиз танцыыы тт