Шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге даярлау
Foundation Course

Foundation course – шетел тілдері сабақтары мен әртүрлі пәндер бойынша оқу курстарын біріктіретін, университеттерге дайындау (даярлау) бағдарламасы. Foundation бағдарламалары оқушының негізгі пәндер бойынша білімін жергілікті стандарттарға икемдеуге және тіл білімін жоғарлатуға бағытталған.Сонымен қатар ол оқуын жалғастыратын елде қабылданған оқу тәсілдері мен рәсімдерімен танысады. Оған сабақ жоспарын құрастыруды, емтихандар тапсыруды және т.б. үйретеді. Бұл сабақтар ресей жоғары оқу орындарында бір-екі жыл оқығандар да үшін пайдалы болуы мүмкін. Батыста сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі бірнеше ерекше, және үйренбестен сол жақта қалыптасқан пәндердің кең таңдауын, жекеше жұмысқа деген ынтаны білдіретін, академиялық бостандықты меңгеру қиынға түседі.
Дайындық курстарындағы оқу 6 айдан 1 жылға дейін жалғасады, және университеттегі оқуы сияқты құрылады. Абитуриенттер лекцияларға, семинарларға, жекеше сабақтарға қатысады. Оқу кезінде олар университет кітәпханасын, спорт залдарын пайдалана алады, жатақханада тұра алады, бір сөзбен айтқанда өздерін нағыз шынайы студент деп сезе алады.
Foundation бағдарламаларын университеттермен қатар басқа да ұйымдар – арнайы колледждер, тіл орталықтары және т.б. ұйымдастырады. Кейде олар белгілі университетпен өте тығыз байланыста болуы мүмкін. Бұл жағдай Англияда жиі кездеседі, себебі университеттер жанында колледждер бар, сол колледждердің негізінде осындай бағдарламалар ұйымдастырылады. Foundation тыңдаушылары жиі жоғары оқу орындарына автоматты түрде тіркеледі, оларға болашақ оқу жылының бірінші курсынан орын алдын ала дайындайды.
Foundation тыңдаушылары оқитын пәндерді таңдау олардың болашақ мамандығына байланысты. Мысалы, Ұлы Британиядағы A-level 3-5 пән бойынша экзамен тапсыруды көздейді, оның екеуі оқудың болашақ бағытын анықтайды. Сәйкесінше, дайындық курстары шегінде бірнеше ғана пән терең оқытылады. Топтар бойынша студенттерді бір жолата бөлуге шетел тілін білу деңгейі мен жалпы дайындық деңгейі әсер етеді.
Foundation барлық бағдарламалары шетел тілін жақсы білуді талап етеді – ағылшын тілін алатын болсақ, IELTS тесті бойынша 5-5,5 балл немесе TOEFL тесті бойынша 500-550 балл деңгейінде. Әр елде бұл бағдарламалардың өз ерекшеліктері бар.


Тізімге оралу

(Голосов: 18, Рейтинг: 3.9)

Текст сообщения*
:) ;) :D 8) :( :cry: зл :o :oops: :{} :?: Восклицание :idea: winner1 winner2 Хорошооо winner3 wallbash hammer wub wavetowel read1 welcom sos friend sorry Хейййй любовьь радость пиво кофеее языкккк sleepppp статьяяяя плиз танцыыы тт