Жалпы мәлімет
Глосарий (сөздік)
 

Accreditation
1) университеттер және колледждер (білім беру ұйымдарының басқа да топтары сияқты) белгілі академиялық облыстарда және елдің бір бөлігінде сертификаттар немесе дәреже алу бағдарламасын, оқу орындарының сапасын бағалайтын өлшемдерді орнататын және қолдайтын жүйе. Тіркелу дегеніміз оқу орны немесе бағдарлама бекітілген минималды сапа стандарттарына жауап беруді көрсетеді.

2) білім беру облысында қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі бар оқу орындарына белгілі бір мерзімге берілетін сертификат.

Admission deadlines

Оқу орнына өтініш беру мерзімі.

Alumnus, Alumnae, Alumni

Бұл латын сөздері колледж және университет түлектеріне қатысты. Шетел жоғары оқу орындарының көптеген түлектері өзінің жоғары оқу орындарымен, оқуды аяқтағаннан кейін де, байланыста болады. Олар жоғары оқу орындарына материалдық көмек көрсетеді және онынң белсенділігіне қатысады. Жалпы барлық жоғары оқу орындары белсенді alumni ұйымдарды қолдап отыруға тырысады. Көп шетел студенттерін жинаған жоғары оқу орны әлем бойынша өздерінің alumni жүйесін қолдап жүреді. Бұрынғы шетел студенттері шетелге оқуға енді баратын студенттер үшін ақпарат көзі болуы мүмкін.

ApplicationForm

оқу орнына түсу үшін өтініш (бланк) түрі.

Bachelordegree

Бакалавр дәрежесі, жоғары білімнің бірінші сатысы, жоғары оқу орынында төрт жыл оқығаннан кейін беріледі.

Бірінші екі жыл студенттер негізгі пәндердің кеңінен зерттеп оқиды, ал одан кейінгі екі жыл таңдалған сала бойынша арнайы пәндерді оқумен өтеді.

BachelordegreeHonours

Озат бакалавр дәрежесі, үздік диплом университетте күрделенген бағдарлама бойынша бітіру емтиханын (final examinations)тапсырғаннан кейін беріледі.

BachelorofArts (BA)

өнер бакалавры (университеттерде гуманитарлық немесе математикалық ғылымдардың бірі бойынша бакалавр дәрежесінің иемденушісі).

BachelorofArtsEducation (BEd)

педагогика облысындағы өнер бакалавры (екі жылдық арнайы педагогикалық дайындық курстарының түлегіне берілетін, жоғары білім жөніндегі диплом иемденушісі).

Bachelor of Science (BSc)

ғылымдар бакалавры (табиғи немесе математикалық салалардың бакалавры).

Campus

оқу орнына тиесілі және кампусты құрайтын жер, жатақханалар, оқу, шаруашылық корпустары.

Certificate

1) негізгі орта және жалпы орта білім алу жөніндегі ресми құжат, қазақстандық мектептердің түлектері алатын кәмелеттік аттестатының аналогы.

2) Дәрежеден ерекшеленетін жалпы біліктілік. Дәреже оқуды жоғары академиялық деңгейде жалғастыруға құқық береді, ал сертификатта бойынша ондай құқық жоқ. Сертификаттар академиялық, кәсіби немесе техникалық мамандық алғанды куәләндыру үшін беріледі.

CILS
итальян тілін білуді атестаттау жүйесі, нәтижесінде шетел тілі ретінде итальян тілі бойынша сәйкес сертификат беріледі. Итальяндық жоғары оқу орындарында оқу үшін тілді білудің минималды деңгейі – 6.

College
бірыңғай оқу жоспары бар үлкен емес университет; ірі оқу орындары үшін University термині қолданылады; университет факультеті; арнайы жоғары оқу орны (педагогикалық, әскери, және т.с.с.).

Courseunit

Курс бөлімшесі (оқу бірлігі, пән). Оқу курсының немқұрайлы құрылымдық, мағынасы аяқталған бөлімі. Бөлімде міндетті түрде міндет терминдерінде баяндалған оқу қорытындысының анық белгілінген тізбесі және мазмұнына сай, сонымен қатар білм бағалауының тиісті өлшемдері болу керек. Курстың әр түрлі бөлімдерінде әр түрлі кредиттер саны болуы мүмкін.

Coursework
оқу жұмысы. Оқу курсы түсінігі модуль немесе курс бөлімі шегінде талап етілген – негізінен бақыланатын және бағаланатын оқу қызметімен байланыстырылады.

Credit
кредит (есеп бірлігі), академиялық үлгерімді өлшеу бірлігі. Оқу нәтижесінің жетістігіне негізделген, сонымен қатар уақыт бірлігімен өлшенетін еңбек сиымдылығы деңгейіне сәйкес келетін, білім деңгейін және көлемін көрсетудің сандық әдісі. Сонымен қатар, кредит өткізіліп жатқан оқудың немесе бұрың өткен оқудың еңбек шығындарына сәйкес келетін, белгілі деңгейдегі оқудың бекітілген қорытындыларына жетуді тексергеннен кейін оқушыға есептелуі мүмкін. Кредит-сағат жүйелерінің бірінен бірі ерекшеленетін бірнеше жүйе бар. Бір жүйеде курс 1 кредит сияқты есептелуі мүмкін. Басқа жүйеде сол кредит, класстағы осы курсқа әрбір аптаға кеткен уақыт санын көрсететін, 3 кредит сияқты есептелуі мүмкін. Кейде алдағы курстар немесе оқу уақыты бойынша ұзақ курстар көп кредит алуға мүмкіндік береді.

Credit framework

кредиттер жүйесі. Студенттің, уақыт бірлігінде өлшенген, оқу жұмысының еңбек сиымдылығы негізінде, оқу жағдайлары, білім беру бағдарламалары және әр түрлі біліктілік контекстіндегі оқу қорытындысын өлшеуге және салыстыруға мүмкіндік беретін жүйе.

Credit level

кредит деңгейі («күрделілік»). Осы бөлімде немесе модульде оқушыға ұсынылған еркіндік дәрежесіне немесе оқудың салыстырмалық талаптарының индикаторы. Негізінен бұл индикатор оқып білу тереңдігі және күрделілігімен байланыстырылатын индикатор, және кейде оқу жылымен (курсымен) және/немесе бөлім мазмұнының ерекшеліктерімен байланысты.

Curriculum
оқу курсы, оқу жоспары (мектептің, институттың, университеттің).

Degree
дәреже. Түлекке орнатылған білім беру бағдарламасын жақсы меңгергеннен кейін білім беру мекемесімен берілетін біліктілік. Кредиттер жинақтау жүйесінде егерде бітіруші оқу қорытындысының шартты тізбесіне жеткенде есептелген, кредиттердің жеткілікті санын алған жағдайда бағдарлама аяқталған болып есептеледі.

Diploma
диплом, куәлік, жазбаша куәлік, аттестат.

DiplomadeEspanolcomoLenguaExtranjeraDELE

Испан тілін шетел тілі ретінде білу туралы куәлік. DELE емтихандары үш деңгейде тесттер мен сәйкес жаттығулардың бес түрін кіргізеді: CIE - Certificado Inicial de Espanol como Lengua Extranjera (төмен деңгей), DBE - Diploma Basico de Espanol como Lengua Extranjera (орташа деңгей),
DSE - Diploma Superior de Espanol como Lengua Extranjera (жоғары деңгей). Емтиханды тапсыру үшін "APTO" – яғни тапсырылды, алу керек.

Diploma supplement

Диплом қосымшасы. Диплом қосымшасы – берілген дәреже/біліктілікті анықтайтын ресми құжатқа толықтыру. Диплом қосымшасы дәреже/біліктілік иемденушісінің өткен және жақсы аяқтаған оқу мазмұнын және мәртебесін, деңгейін, мәнін сипаттау үшін жазылады. Қосымша ЮНЕСКО/СЕПЕС және Еуропа Кеңесі, Еуропейлік комиссия өңдеген моделіне негізделеді. Ол халықаралық мөлдірлік және біліктілікті академиялық/кәсіби тануға мүмкіндік береді.

Doctorateanddoctoraldegree (PhDPhilosophyDoctor)

докторантура және докторлық дәреже. Оқудың үшінші циклын бітіргенде берілетін және ғылыми, академиялық жұмыс немесе жоғары деңгейдегі басқа қызмет біліктілігі ретінде халықаралық деңгейде танылған біліктілік. Ол негізінен диссертация түрінде ұсынылған, өзіндік ғылыми зерттеудің маңызды көлемін ескереді.

DSH
неміс тілін білу тесті, Германияның жоғары оқу орындарына түсу үшін қажет.

EuropeanCreditTransferSystem (ECTS)

Кредиттерді жинау және аудару еуропейлік жүйесі. Бұл жүйе студенттердің білім алудың жалпы шамасын анықтауға мүмкіндік береді, ол еуропейлік бір жоо-н екіншісіне ауысқан кезде оқу нәтижелерін өлшеу және салыстыру тәсілін анықтайды. Аптасына лекциялық, сонымен бірге тәжірибелік те пәндер бойынша сағаттар саны, сонымен қатар студенттің өзін өзі дайындау уақыты оқытушылар үшін бағалау өлшемі болып табылады. ECTS-кредит студенттің жүктелуін сипаттау үшін пәндердің белгілі бірліктеріне сәйкес келетін сандық мән болып көрсетіледі. Кредит жоғары оқу орнында академиялық оқуды толық аяқтау үшін, жұмыстың жалпы көлеміне салыстырмалы түрде әрбір курс үшін қажет жұмыс көлемін бейнелейді. Жүйеге сәйкес жоғары оқу орнында оқу жылында 60 кредит алу керек, яғни семестр үшін 30 кредиттен. Жалпы Еуропаның көп елдерінд бағдарлама бойынша студеттің жүктелуі жылына 1500-1800 сағат, және осы жағдайда бір кредит 25-30 жұмыс сағаттарына тең (оған оқу бағдарламасының барлық компоненттері кіреді: келу, өз-өзін дайындау, тәжірибе және теориялық сабақтар, іс-тәжірибесі, дипломдық жұмыстарға дайындық, арнайы курстар және басқа). Үлгеруді бағалау жүйесі: А (өте жақсы), B и C (жақсы), D и E (қанағаттанарлық), F (нашар).

Examination (exam)

емтихан. Әдетте бекітілген кезеңдерде (мыслы, семестрдің немесе оқудың басқа да бекітілген кезеңінің ортасында немесе соңында) немесе білім беру бағдарламаның, курс немесе модуль бөлімінің соңында өтетін, формалды жазбаша немесе ауызша сынақ.

Faculty
университеттегі оқытушылық құрам. Бұл сөз факультет мағынасында қолданбайды. Оның орнына department сөзі қолданылады. Мысалы, Department of History – Тарих факультеті.

Faculty advisor/Academic advisor

Студенттің оқуына қатысты белгілі сұрақтар бойынша ақыл немесе ұсыныс беретін университеттің оқытушысы.

Finalexamination

Оқу жылының қорытындылары бойынша қорытынды емтихандар.

Firstcycledegree

Бірінші цикл дәрежесі. Бірінші циклда оқуды жақсы бітіргеннен кейін берілетін жоғары білім біліктілігі.

Foundation
Шет елдердің абитуриенттері шетел жоғары оқу орындарына түсу үшін арнайы дайындық бағдарламасы.

Full-timeeducation

Күндізгі бөлімде оқу.

GeneralCertificateofEducationAdvancedLevel (A-level)

Ұлы Британиядағы дамыған деңгейдегі орта білім туралы куәлік (үздік аттестат аналогы). Британдық және шетелдердің кейбір университеттеріне емтихансыз түсуге мүмкіндік беретін GCE A-level дамыған деңгейдегі орта білім туралы куәлікті алу үшін қосымша екі жыл оқу керек-12-13 сыныптар. A-level емтихандары бүкіл ел бойынша бірыңғай болып табылады және Ұлы Британияның кез келген университеттері қабылдайды.

Grade-PointAverage (GPA)

Академиялық үлгерімді бағалайтын ең таралған әдісі. Әрбір семестр соңында әріптік бағалар (A, B, C, D and E or F) сандық түрге (А=4) айналады және олардың сомасы GPA анықтау үшін орташаланады.

Grade/mark
баға. Анық градуирленген шкалада негізделетін және жалпы оқу бағдарламасы бойынша немесе әрбір бөлім бойынша білім бағалау нәтижелерін сипаттау шін пайдаланатын кез келген сандық немесе сапалық шара.

GraduateLevel

(graduate studies) – магистратурада оқу (жоғары оқу орнында бесінші/алтыншы жыл оқу, одан кейін магистр дәрежесі беріледі);аспирантурада оқу (жоғары оқу орнында оқу жылдары, сооңында докторлық дәреже беріледі) – ғылыми дәрежелер (бакалаврдан жоғары); философия докторы және магистры дәрежелерән ізденушілерге бағдарламалар.

GraduateManagementAdmissionsTest (GMAT)

Басқару мүмкіндітерін тексеруге арналған ортақ тест. Емтихан GRE сәйкес келеді, бірақ MBA (Master of Business Administration) бағдарламаларына түсетіндерге арнайы арналған. Баллдардың максималды саны GMAT - 800, MBA түсу үшін 600 - 720 балл қажет болады.

GraduateRecordExamination (GRE)

АҚШ жоғары оқу орындарына магистрлік бағдарламаларға түсу үшін тапсырылатын тест. GRE тестін ағылшын тілінің Advanced және жоғары деңгейімен тапсыру ұсынылады, себебі тест тапрсымаларының күрделілігі өте жоғары. GRE ортақ тесті тапсырушының ауызша, математикалық және аналитикалық мүмкіншіліктерін анықтауға бағытталған, және жеке бір ғылыми пәнмен байланысты емес. GRE пәндік тесттері қабылдау комиссиясына, магистратураға түсушінің белгілі бір білім саласында біліктілігін бағалауды, көмектесу мақсатымен құрылған.

HanyuShuipingKaoshi (HSK)

Қытай тілін білмейтін тұлғалардың қытай тілін білу деңшейін сертификаттау үшін ҚХР мемлекеттік емтиханы. HSK тест түрінде өтеді, ондағы тапсырмалар бірнеше бөләктерге бөлінеді: аудирование, лексика, грамматика, оқу. Тест қытай тілін білудің төрт деңгейін анықтайды: негізгі, бастауыш, орташа, жоғары. Әрбір деңгей ішінде 1 ден 11 ге дейін белгіленген кіші деңгейлер бар.

Highereducation

Жоғары білім. Жоғары білім жалпы орта білім алу туралы куәлігі(кәмелеттік куәлігі) немесе кәсіби білімді немесе құжат түрінде дәлелденген аяқталмаған жоғары білім/сәйкес тәжірибені қоса басқа ұқсас білім алу туралы куәлігі бар оқушылар түсе алатын оқу бағдарламалары.

InternationalEnglishLanguageTestingSystem (IELTS)

Ағылшын тілін білу деңгейін растау үшін әзірленген бүкіл әлем қабылдаған сертификат. IELTS емтиханының құрылымы әр қайсысында үміткердің 4 негізгі тілдік әдеті бағаланатын 4 секциядан тұрады: Listening (Аудирование), Reading (Оқу), Writing (Жазу), Speaking (Сөйлеу). Joint Degree – студенттер бір мезгілде екі дәреже ала алатын, кейбір университеттер ұсынатын бағдарламалар, екі жақты дәреже.



Lecture
лекция. Оқушыларға жаңа тақырыптарды немесе басқа оқу мәліметтерді түсіндіруге бағытталған, оқытушының білім беру қызметі. Әдетте бір оқытушы және студенттердің көп саны болжанады.

Levels
деңгейлер. Дәрежеленген жинақталған қорытынды терминдерінде көрсетілген жүйелі сатылардың сериясы (үздіксіз қатар) болып табылады; сериялар сатыларын типтік біліктілікпен салыстыруға болады.

Masterdegree

магистр дәрежесі (бакалавр мен доктор арасындағы аралық ғылыми дәреже); университетте 1-2 жыл оқығаннан кейін беріледі.

MasterofArts (МА)

өнер магистрі, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

MasterofBusinessAdministration (МВА)

Іскер әкімшілеудің магистр дәрежесі.

MasterofEducation (MEd)

педагогика облысындағы өнер магистрі.

MasterofLaws (LLM)

Құқық саласындағы магистр.

MasterofPhilosophy (MPhil)

Зерттеуші-магистр дәрежесі, бұл дәрежені алу үшін 1-2 жыл ішінде аға профессорлық-оқытушылық құрам басқаруымен өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу керек.

MasterofResearchprograms (MRes)

Зерттеу қызметіне бағытталған, магистрлік бағдарламалар.

Master of Science (MS)

Ғылымдар магистрі (математикалық немесе табиғи ғылымдар облысының бірінде магистр).

MasterofTaughtprograms

Мамандандырудың бірі бойынша кәсіби деңгейді жоғарлатуға бағытталған оқу бағдарламалары.

Optional course, elective/extra courses

Таңдау бойынша курс (электив). Оқу бағдарламасының бөлігі ретінде таңдалған модуль немесе курс бөлімі, бірақ ол барлық студенттер үшін міндетті емес.

PostdoctoralStudy

Бұл тісінік докторлық дәреже алғаннан кейін уақытша зерттеу бағытын анықтайды. Postdoc зерттеу кезеңі аяқталғаннан кейін, оқытушылық құрам мүшесі болуға шақырылуы мүмкін.

Postsecondary Education

Орта мектепте 12 жыл оқығаннан кейін басталатын оқу.

PostsecondarySchool

Орта мектеп аяқтағаннан кейін әрі қарай дайындықты жүзеге асыратын кез келген оқу мекемесі, яғни «колледж», «мектеп», «институт» немесе «университет».

Qualification
біліктілік. Бағдарлама оқуы толық аяқталғандығын куәландыратын және бақарудың құзыретті органымен берілген сертификат, диплом немесе дәрежелік жөніндегі құжат.

Ranking
категория, дәреже, санат, класс; кандай да бір орын алу.

RecommendationLetter

кепілдемелік хат, ұсыныс.

Research/Termpaper

семестрда өткен курс бойынша есеп беру жұмысы.

ScholasticAptitudeTest (SAT)

оқуға деген мүмкіндіктер тесті. АҚШ және Канаданың жоғары оқу орындарында әрі қарай оқуын жалғастыратын кіші курстар студенттері мен талапкерлері үшін тест болып табылады. Емтихан әдебиет, тарих және математиканың жалпы білімін бағалайды. SAT екі түрлі болады – ойлаудың негізгі мүмкіндіктерін тексеру (SAT I, reasoning test) және белгілі бір нақты пән бойынша білімді тексеру (SAT II, subject test). SAT I тестіне 3 сағат, SAT II – 1 сағат уақыт беріледі.

Secondcycledegree

екінші цикл дәрежесі. Белгілі ғылыми жұмысты қоса алатын, оқудың екінші циклын жақсы аяқтағаннан кейін берілетін жоғары білім біліктілігі. Бұл дәрежені бірінші цикл дәрежесі бар оқушылар ала алады.

Semester, Trimester, Quarter, Term

Колледждер мен университеттер академиялық жылды әр түрлі бөледі. Семестрлерге бөлу кеңінен таралған (күзгі және көктемгі). Триместрлер жүйесін қолданатын жоғары оқу орындары қысқы триместрді қосады. Тоқсандар жағдайында жазғы тоқсан қосылады. Семестрлер және триместрлер жүйесін қолданатын көптеген жоғары оқу орындарында жазғы оқу маусымы да бар, ол кезде оқуға және кредиттер алуға да болады.

Seminar
семинар. Мақсаты белгілі бір тақырыпты терең оқу және оқушылардың белсенді қатысуын және тиісті дайындығын болжайтын оқытушы басқаруымен өтетін аудиторлық сабак. Әдетте студенттердің шамалы тобында бір оқытушымен өткізіледі.

Studyprogramme

оқу бағдарламасы. Меңгеруі анау не басқа дәреже алу үшін қажет модульдер және курстар бөлімдерінің келісілген жинағы; оларға жету кредиттердің белгіленген санын жинаумен ескертілетін, оқу қорытындылары терминдерінде анықталады.

TestofEnglishasaForeignLanguage(TOEFL)

ағылшын тілінен шетел тілі ретінде халықаралық емтихан. TOEFL негізгі мақсаты – ағылшын тілі туған тілі болмайтындардың дайындық деңгейін бағалау. TOEFL нәтижелерін беру АҚШ, Канада және кейбір басқа елдердің 2400 астам колледждері мен университеттеріне түсу үшін қажетті шарт. Емтихан төрт бөліктен тұрады: Listening Comprehension, Structure and Written Expression, Reading Comprehension және Test of Written English.

TestDaF
неміс жоғары оқу орындарында оқығысы келетін немесе барлық неміс жоғары оқу орындары признаваемыйтын неміс тілін білуді растайтын сертификатты алғысы келетін шетел адамдары үшін неміс тілінен емтихан. Тест Хаген қаласында TestDaF институтында өңделеді және тексеріледі, әлем бойынша 80 елдердің лицензияланған, яғни ресми түрде танылған, емтихан орталықтарында өткізіледі. Емтихан нәтижелері TestDaF үш деңгейлі шкаласымен бағаланады: деңгей 5 (TDN 5), деңгей 4 (TDN 4), деңгей 3 (TDN 3).

Thesis
диссертация. Тәуелсіз (өзіндік) ғылыми-зерттеу/жобалау жұмысына негізделген белгілі ережелер (формалды) бойынша ұсынылған жазбаша есеп беру (баяндама); дәреже алу үшін қажетті шарт болып табылады (екінші деңгейлі немесе докторлық). Басқа атауы – диссертация (dissertation).

Transcripts
өткен пәндер, сағаттар саны және алынған бағалар бойынша ақпараты бар ресми академиялық көшірмелердің сертификатталған копиясы.

Transfer
көп американдық студенттер бір жоғары оқу орынында оқуды бастап басқасын аяқтайды, бұл термин бір жоғары оқу орынынан екіншісіне ауысқан кезде мамандықтар бойынша өткен курстардың есебін білдіреді.

Tuition fee

Оқу үшін төлем. Fees – қызметтер, жабдықтарды пайдалану және т.б. үшін төлем.

Tutorial
топтық консультациялар. Оқытушы (тьютор) өткізетін аудиторлық сабақ, мақсаты модуль немесе курс бөлімінің талқыланатын мәліметін терең оқу немесе қайталау. Әдетте студенттердің шамалы тобында бір оқытушымен өткізіледі.

Undergraduate Level (undergraduate studies)

бакалавриат (жоғары оқу орынында оқудың бірінші төрт жылы, соңында бакалавр дәрежесі беріледі).

UniversityCreditTransferSystem (UCTS)

университеттік кредиттерді аудару жүйесі. Студенттер мен оқытушылардың мобильділігіне көмектесу органы ретінде құрылған «Университетская мобильность в Азии и Тихоокеанском регионе» ұйымымен азиаттық елдер студенттері үшін университеттік кредиттерді аудару жүйесі өңделген. Бүгінгі күні бұл ұйымға Аустралия, Бруней, Камбоджа, Қытай, Гуам, Гонконг, ОАР, Индонезия, Жапон, Лаос, Малайзия, Мексика, Монғолия, Мьянма, Непал, Жаңа Зеландия, Корея, Вьетнам, Филиппины, Ресей, Сингапур, Шри Ланка, Тайвань, Таиланд, АҚШ, Канада сияқты елдер кіреді. UCTS кредиттерінің шкаласы еуропейлік ECTS кредиттер жүйесіне ұқсас: бір академиялық жыл үшін 60 кредит. UCTS жүйесі тек айырбастау шкаласы ретінде қолданылады, ол жіберуші не қабылдаушы жоғары оқу орынындағы бар кредиттер жүйесін өзгерті, ауыстыру үшін пайдалануға арналмаған.

VocationalandTechnicalSchool

кәсіби және техникалық мектептер дәрежелер емес, сертификаттар алумен бағдарламаларды ұсынады. Олар студенттерді белгілі бір салад тікелей жұмыс істеу үшін дайындайды.

Мidterm examination

Семестр ортасындағы аралық емтихандар.

Жалпы израильдік психометриялық тест

Жалпы израильдік психометриялық тест тесттердің кеңейтілген жиынтығын көрсетеді. Оның мақсаты – талапкердің академиялық сабақтар үшін маңызды мүмкіншіліктерін бағалау. Бұл тест бірінші дәрежеге Израильдің көпшілік жоғары оқу орындарында оқығысы келетін талапкерлер тапсыру керек. Тестті тәуелсіз Израильдік тестілеу және бағалау орталығы өткізеді. Ол тұрақты белгіленген мерзімде өткізіледі. Психометриялық тест үш бөлімнен тұрады: сөздік қорды тексеру және логикалық ойлау мүмкіншіліктері; математикалық ойлау мүмкіншіліктері; ағылшын тілін білу. Психометриялық тест бағаларының шкаласы – 200 ден 800 баллға дейін. Жоғары оқу орнына түсуге қажет минималды сома – 400 балл.

Гёте-институтының емтихандары

неміс тілін білу, сонымен қатар Германияда еңбек қызметін жүзеге асыру және жоғары оқу орындарында оқу үшін қажет әр түрлі салалардағы білім деңгейін анықтайтын емтихан.