Магистратура және PhD-ға түсу шарттары
Магистратура және PhD-ға түсу шарттары

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді.

2. Ереже азаматтарды Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантурасына қабылдаудың тәртібін айқындайды.

3. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың магистранттарының, резидентурасының тыңдаушыларының, адъюнкттарының және докторанттарының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандарды даярлаудан басқа) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаттары және басқа да көздері есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын қазақ ұлтының тұлғалары Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең жоғары оқу орнынан кейінгі білім алады.

Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде ақысыз жоғары оқу орнынан кейінгі білім ала алады, егер олар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса.

Басқа шетелдік азаматтар жоғары оқу орындарына және ғылыми ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады.

4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (Қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының магистратура, адъюнктура және докторантурасына азаматтарды қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті органымен келісілген жеке нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

5. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

5-1. Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шекті балл - кемінде 560), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6.0), Grundbaustein DaF (шекті балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл - С 1), Diplome d,Etudes en Langue francaise (DELF, шекті балл - В 2), Diplome Approfonde de Langue arancaise (DALF, шекті балл - С 1) Test de connaisances de francaise (TCF, шекті балл - кемінде 400) бағдарламалары бойынша шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) тест тапсырғандығы туралы расталған сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және PhD докторантураға түсу кезінде шет тілінен түсу емтихандарынан босатылады.

6. Жоғары оқу орны және ғылыми ұйым құжаттарды тапсыру мерзіміне дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға қабылдауды дайындау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.

7. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсушілердің өтінішін қабылдау 1-30 шілде аралығында өткізіледі.

Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау - 31 тамызға дейін өткізіледі.

8. Магистратура, резидентура, адъюнктураға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар жоғары білім беру пәндері бойынша үлгі бағдарламалардың негізінде қалыптастырады.

Докторантураға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар магистратураның кәсіби оқу бағдарламаларының негізінде қалыптастырады.

2. Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсуші тұлғаларды қабылдау тәртібі

9. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға жоғары білім беру кәсіби оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.

10. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдарға келесі құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысының атына өтініш;

2) жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы нотариальды куәландырылған құжат көшірмесі, интернатурада оқығандығы туралы құжат (резидентураға түсу үшін), осы Ереженің 5-1-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификат көшірмесі;

3) бар болған жағдайда кадрлар есебі бойынша жеке парағы және нотариальды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;

4) 3,5x4,5 көлеміндегі алты фотосурет;

5) 086-У нысанындағы медициналық анықтама қағазы;

6) жеке куәлігінің көшірмесі;

7) бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;

8) ақылы негізде түсушілер үшін шартқа отыруды және оқудың шығыстар төлемақысын кепілдендіретін хат;

9) құжаттар тізімдемесі.

11. Докторантураға:

1) «магистр» академиялық дәрежесі бар;

2) ғылым кандидаты атағы бар тұлғалар қабылданады.

12. Докторонтураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдарға келесі құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысының атына өтініш;

2) зерттеу тақырыбы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде автореферат нысанындағы негіздеме;

3) жеке куәлігінің көшірмесі;

4) білімі және/немесе ғылым кандидаты туралы нотариальды куәландырылған құжаттар, осы Ереженің 5-1-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғандығы туралы сертификат көшірмесі;

5) бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;

6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама қағазы;

7) бар болған жағдайда кадрлар есебі бойынша жеке қағазы және нотариальды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;

8) басқа оқу орындарында, аспирантурада оқығандығын куәландыратын құжаттар көшірмесі;

9) ақылы негізде түсушілер үшін шартқа отыруды және оқудың шығыстар төлемақысын кепілдендіретін хат;

10) құжаттар тізімдемесі.

3. Түсу емтиханын өткізудің тәртібі

13. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші түсу емтихандарын тапсырады:

1) бір шет тілі бойынша (ағылшын, француз, неміс);

2) мамандық бойынша.

14. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын тапсырады:

1) қазақ немесе орыс тілдері бойынша (оқыту тілі);

2) мамандық бойынша.

15. Басқа шет тілдері (араб, қытай, түрік, жапон тілдері және басқалар) бойынша емтихан тапсыру туралы және (ауызша, жазбаша) емтихан тапсыру нысаны бойынша мәселе білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы шешеді және жеке тәртіпте қарайды.

16. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсу емтиханын өткізу мерзімінде жоғары оқу орнында және ғылыми ұйымда қабылдау және мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады.

17. Қабылдау комиссиясының төрағасы жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы болып табылады.

18. Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясы берілген өңірдегі жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардағы мамандықтарға сәйкес жоғары білікті ғалымдардың санынан құралады.

Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясының құрамы төрағадан және үш мүшеден тұрады, оның ішінде екеуі ғылым докторы, қалғандары мамандық бейіні бойынша ғылым кандидаттары болуы қажет.

Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясының құрамы жоғары оқу орындары немесе ғылыми ұйымдары басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Мамандық бойынша емтиханды өткізу нысанын қабылдау комиссиясы анықтайды.

19. Шет тілі, қазақ және орыс тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша тапсырылады.

20. Түсу емтихандарды қайта тапсыруға жіберілмейді.

21. Түсу емтихандарының қорытындыларымен келіспеген азамат жазбаша түрде апелляциялық өтінішті беруіне болады.

Осы мақсатта апелляциялық комиссия екі түрде құрылады: шет тілі, қазақ және орыс тілдері және мамандық бойынша.

4. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға қабылдау

22. Магистранттар, резидентураның тыңдаушылары, адъюнкттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

23. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау түсу емтихандарының қосындысында шет тілі және мамандық бойынша кемінде 8 балл (әр пән бойынша білімді бағалаудың 4 баллдық шкаласы бойынша) жинаған тұлғалар жіберіледі.

24. Осы Ережеге қосымшаға сәйкес бағалардың 100 балдық шкаласы бойынша конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда мамандық бойынша, шет тілі, қазақ және орыс тілдері бойынша ең жоғары баға алған азаматтар қабылдау кезінде басым құқыққа ие болады. Содан кейін таңдалған бейінге сәйкес ғылыми жетістіктері ескеріледі.

25. Жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдар, жеке меншік нысанына қарамастан, білім беру саласындағы уәкілетті органға он күндік мерзім ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сонымен қатар магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтар көшірмелерін ұсынады.

26. Оқуға қабылдаудың тәртібі осы Үлгі ережесінде реттелмеген жағдайда, жоғары оқу орнының және ғылыми ұйымның құрылтайшысы немесе құрылтайшылары (мемлекеттік басқару органы) белгілейді.

Бағалаудың 4 және 100 балдық шкаласы бойынша бағаны ауыстырудың жүйесі

Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша балдар

Бағалаудың 4 балдық шкаласы бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағаттанарлықсыз (2)