Бiлiм
Бүгін түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, белгілі ғалым Ғұбайдолла Айдаровтың туғанына 92 жыл.
Бүгін түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, белгілі ғалым Ғұбайдолла Айдаровтың туғанына 92 жыл. 18.06.2013 Ғұбайдолла Айдаров 1921 жылы Маңғыстау облысының Әмір-торты жерінде дүниеге келді.
1934-35 жылдары Түркімен КСР-інің Ташауыз қаласы педагогикалық училищесінің дайындық бөлімінде білім алады. 1935-1937 жылдары Красноводск қаласындағы Бауман атындағы техникумында оқыды. 1937-38 жылдары Мары қаласындағы педагогикалық училищеде оқыды. Еңбек жолын ауылдағы жетіжылдық мектепте мұғалім бастайды. 1940 жылы әскер қатарына алынып, 1944 жылға дейін Ұлы отан соғысына қатысты. Соғыстан кейін барлық қажыр-қайратын білім беру саласына арнады. Қатардағы мұғалімдіктен директорлық қызметке дейін көтеріледі.
Алматыдағы С.Киров (қазіргі Әл-Фараби ) атындағы Университеттің аспирантурасында оқып жүргенде көне түркі жазуларына ден қояды. Атақты ғалымдар Ц.Номинханов пен С.Маловтан орхон-енисей жазуларын оқу тәсілдерін меңгереді. Өзінің кандидаттық, докторлық жұмыстарын көне түркі жазулары тақырыбына қорғады. Шығармашылық қызметін толықтай түркі жазуларын зерттеуге арнап, өлшеусіз із қалдырды. Оның «Білге қаған ескерткішінің тілі», «Көне түркі жазуларынан мағлұматтар», «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі», «Орхон ескерткіштеріндегі көне түркі жазбалары», «Енисей, Орхон,Талас бойындағы көне түркі жазба ескерткіштері бойынша жарияланған әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші», «Орхон ескерткіштерінің текс», «Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі», «Армиян жазулы қыпшақ ескерткіштерінің тілі» атты танымал еңбектері Қазақстанның түркі дәуіріндегі тарихын жаңғыртуға мол үлес қосты. 200-ден аса ғылыми мақалалары мен 20 шақты кітабын осы тақырыптарға арналды. Ол ғылыми еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика бойынша транскрипциялап, олардың тілін лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген. Сондықтан Ғұбайдолла Айдаровты «қазақ түркологиясының атасы» деуге әбден болады. Дәл, осы ғалымдай Қазақстан тарихының түркология саласын зерттеген ғалымдар өте сирек.
Бабалар үнін бүгінге жеткізген, тасқа қашалған аманатты қағазға түсірген ғалым, Қазақ КСР және Түркімен КСР-інің Халық ағарту ісінің үздігі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғұбайдолла Айдаров 2001 жылы көз жұмды.

Дерек көзi:  http://www.baq.kz

Возврат к списку


Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Отправить Отменить
Загрузить файл