МАҢЫЗДЫ
ISAS – 2013 Халықаралық жазғы магистрлік мектебі
11.04.2013

Құрметті әріптестер мен магистранттар!

2013 жылдың 3 маусымынан 16 маусым аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университеті ISAS – 2013 Халықаралық жазғы магистрлік мектебін ұйымдастырады

Халықаралық жазғы магистрлік мектептің өткізілу бағыттары:

v «Су ресурстарын басқару» - фасилитатор, ҚР ҰҒА академигі Есполов Т.И.

v «Жасыл экономика» - фасилитатор, ҚР ҰҒА академигі Тіреуов К.М.

v «Топырақтану және агрохимия» - фасилитатор, ҚР ҰҒА академигі Елешев Р.Е.

v «Мал дәрігерлігі» - фасилитатор, ҚР ҰҒА академигі Иванов Н.П.

v «Орман ресурстарын басқару» - фасилитатор, ҚР ҰҒА академигі Байзақов С.Б.

v «Электроэнергетика» - фасилитатор, ҚР ҰҒА академигі Кешуов С.А.

v «Азық-түлік қауіпсіздігі» - фасилитатор, б.ғ.д., профессор Серікбаева А.Д.

ISAS-2013 Халықаралық жазғы магистрлік мектептің мақсаты Болон процесі қағидаларының бірі – академиялық мобильділікті тәжірибеде іске асыру болып табылады.

Қысқаша мазмұны. Магистранттарға жазғы мектепке қатысуға, білімдерін толықтыруға және «Су ресурстарын біріктірілген басқару», «Жасыл экономика: даму үрдістері және болашақ», «Азық-түлік және экологиялық қауіпсіздік мәселелері», «Мал дәрігерлігі – биологиялық қауіпсіздік мәселесінде», «Орман шаруашылығын қарқындандыру», «Электроэнергетика және жаңғыртылатын қуат көздері», «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және міндеттері» білім беру бағдарламалары бойынша тәжірибелік дағлы қалыптастыруға бірегей мүмкіндік беріледі. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жетекші ғалымдары, Жапония, Малайзия, АҚШ, Финляндия, Алмания, Чехия, Словакия, Румыния, Болгария, Польша, Литва, Ресей және Белоруссия Университеттерінің шетел ғалымдары, сондай-ақ салалық ҒЗИ мен өндірістердің өкілдері өткізетін дәрістер, мастер/треннинг-кластар және дөңгелек үстелдер магистранттардың кәсіби және жеке тұлғааралық міндеттерін қалыптастыруға оң ықпал ететін болады.

Көшпелі тәжірибелік сабақтар «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейіндік инспекция» ММ, «Бартоғай су қоймасы мен Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» РМК, «Холдинг Алматы Су» МКК, «Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ» ЖШС, «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Турген» жекеменшік агроөндірістік фирмасы,«RANBIOSCIENCE» ЖШС, «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМКК, «Алматы қ. аймақтық мал дәрігерлік зертхана» РМК, «Антиген» ЖШС ҒӨО, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС, «Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ҒЗИ» ЖШС, «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» РМК, «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері» РМК, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы және т.б. жағдайларында өтеді.

Білім беру курсы аяқталғаннан кейін магистранттарға сертификат пен 4 қазақстандық кредитті немесе 8 ECTS меңгергендігі туралы транскрипт беріледі.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

ISAS-2013 Халықаралық жазғы магистрлік мектепке қатысу шарттары:

- 2013 жылдың 10 мамырына дейін www.kaznau.kz сайтының «Халықаралық жазғы магистрлік мектеп» парағындағы қатысушының электронды сауалнамасын толтыру;

- Мектеп қатысушыларының оқуы мен тұратын жері тегін.

ISAS -2013 Халықаралық жазғы магистрлік мектептің алдын-ала бағдарламасы

Күні және уақыты

Шара

2013 жыл 2 маусым  

         Қатысушыларды жинау және орналастыру

2013 жыл 3 маусым

9.00-10.00 

         Қатысушыларды тіркеу

2013 жыл 3 маусым

10.00

         Халықаралық жазғы магистрлік мектептің ашылуы

2013 жыл 3 маусым

10.00-13.00

         Пленарлық отырыс

2013 жыл 4 –14 маусым

         Бағыттар бойынша білім беру курстары

2013 жыл 14 маусым

16.00-18.00

         Халықаралық жазғы магистрлік мектептің жабылуы және сертификаттар табыс ету

2013 жыл 15-16 маусым

         Мәдени шара және қатысушыларды шығарып салу

Ұйымдастыру комитеті

050010, Алматы қ., Абай даңғылы, 8

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Магистратура және докторантура

институты

Байланыс телефондары:

1. Магистратура және докторантура институтының директоры Сарқынов Ербол 8(727) 264-69-02;

2. Магистратура бөлімінің бастығы Алпысбаева Гүлмира Егізбайқызы 8(727) 262-17-63,

3. Магистратура бөлімінің маманы

Маханова Жанна Нурланқызы 8(727) 262-17-63,

Факс: 8(727) 264-65-04

Электронды мекенжай: kaznauipo@mail.ru 


Возврат к списку