МАҢЫЗДЫ
ВУДРО ВИЛЬСОН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ГРАНТТАРЫ (СТИПЕНДИЯЛАР)
10.04.2013

Вурдо Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталықта орналасқан Кеннан институты халықаралық байқау өтетіндігі туралы хабарлайды. Байқау шеңберінде Вурдо Вильсон Орталығы жыл сайын әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында мемлекеттік саясат мәселелерін қозғайтын немесе оқиғалардың тарихи және/не мәдени тұстарын суреттейтін, сонысымен осы заманның маңызды саяси үдерістерін түсінуге көмектесетін ұлттық, әрі халықаралық мәселелер бойынша бірегей зерттеу жобаларын ұсынған тұлғаларға 4 айдан 9 айға дейінгі мерзімге 20-25-ке жуық жеке стипендиялар тағайындайды.

Өз тарапынан, стипендиаттар Вашингтонда осындай сұрақтармен айналысатын саяси қайраткерлермен және Вудро Вильсон орталығының қызметкерлерімен өзара әрекеттесуге дайын болулары тиіс.

Осы ретте, төмендегідей тақырыптар бойынша зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді:

- Басқару, оның ішінде демократия мен азаматтық қоғамның дамуы;

- АҚШ-тың әлем сахынасындағы рөлі және серіктестік пен көшбасшылық мәселелері;

- АҚШ және әлемнің басқа елдерінің алдында тұрған негізгі белестер.

Аталмыш стипендияға түрлі елдердің ерекше қабілеті, бірегей тәжірибесі бар және түрлі салалардағы (академиялық, үкіметтік, корпоротивтік) зертеушілері үміткер бола алады. Академиялық сала өкілдері үшін ғылыми дәреженің бар болуы шарт. Сонымен қатар, өзінің ғылыми дәрежесін растау үшін диссертациядан өзге баспа бетіне шыққан күрделі мақаласын ұсынғаны абзал. Ал, академиялық емес сала өкілдері үшін кәсіби жетістіктерінің балама дәрежелері болу қажет. Сондай-ақ, талпынушылар ағылшын тілін білуі тиіс.

Жаратылыс ғылымдары, музыка, хореография және көркем сурет салаларындағы, сондай-ақ насихаттау бағытындағы жобалар байқауға қабылданбайды.

Бұған қоса, бұрын жазылған диссертациялардың қайта баяндалуы; мәтіндердің, баяндамалардың немесе құжаттардың редакцияланған нұсқасы, оқулықтар мен антологиялар, аудармалар немесе ғұмырнамалар сияқты жобалар қарастырылмайды.

Байқау бір жылда бір рет өткізіледі. Өтінім және ілеспелі құжаттарды тапсыру мерзімі – 1 қазанға дейін 

Байқаудың шешімі келесі жылдың сәуір айында қабылданады.

Орталық стипендиаттардың байқауға америкалық оқу жылы барысында (қыркүйек айынан мамыр айына дейін) толық қатысуын қажет деп есептейді. Алайда, бірқатар жағдайларда бұдан да қысқа мерзімді (төрт айдан кем емес) стипендиялар беріледі.

Толығырақ ақпарат және өтінім үлгісі Вудро Вильсон орталығының сайтында


Возврат к списку