Негiзгi мәлiмет
Негiзгi мәлiмет

Білім әлемнің барлық дамыған мемлекеттерінде негізгі басымдықты бағыты және дамудың негізгі индикаторы болып табылады.Жоғарғы білім алу адам өмірінде ең маңызды межелердің бірі болған және болып қала береді, әсіресе қазіргі кездегі еңбек нарығындағы өте жоғары бәсеке кезінде. Бұған ересек халықтың 35% -ы жоғарғы білімді болып табылатын біздің мемлекетіміз де мысал бола алады- бұл көрсеткіш (30-35% деңгейінде) экономикасы дамыған мемлекеттерге де тән болып табылады.

Жоғарғы білім білім деңгейінің көрсеткіші ретінде кәсіптік білімнің үш деңгейлі жүйесінде (жалпы орта және кәсіптік білімнен соң )жоғарғы деңгей болып табылады және кәсіптік қапталдан теориялық және тәжірибелік мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін жүйелендірілген білім мен тәжірибелік дағдылардың жиынтығынан тұрады.

2010 жылдың наурыз айында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, Европалық жоғарғы білім аймағының 47-нші толыққұқықты мүшесі атанды. 60 қазақстандық университет Ұлы университеттер Хартиясына қол қойды. Осылай мамандарды даярлаудың Болондық декларация ұстанымдарына негізделген (сонымен қатар Ұлы университеттер Хартиясы ретінде де танымал, 1999 жыл 19 маусым) үш деңгейлі моделіне өту жүзеге асырылды: бакалавр - магистр - Ph.D докторы.

Болондық декларация 7 негізгі бағыттан тұрады:

1.Сәйкес дәрежелердің жүйесін қабылдау,сонымен қатар, дипломға қосымша енгізу арқылы европалық азаматтардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету арқылы және жоғарғы білімнің европалық жүйесінің халықаралық бәсекелестігін жоғарылату.

2. Екі циклды оқуды енгізу: алдын ала (pregraduate) және бітіруші (graduate). Бірінші цикл үш жылдан кем емес жалғасады. Екіншісі магистр немесе доктор дәрежесін алуға әкелуі тиіс.

3. Жоғарғы масштабты студенттік мобильділікті қолдау үшін еңбек ауқымының сынақ бірліктерінің европалық қайтадан сынақталу жүйесін енгізу (кредиттер жүйесі, немесе оқудың кредиттік технологиясы). Ол сонымен қатар студенттерге оқитын пәндерді таңдау құқығын береді. «Өмір бойы оқу» 4 тұжырымдамасының шегінде жұмыс істейтін, жинақтау жүйесіне айналған ECTS (European Credit Transfer System) жүйесі негізге алынған.Оқушылардың мобильділігін дамыту мүмкін (жоғарыдағы екеуін орындау арқылы). Оқытушылар мен басқа да персоналдың мобильділігін олардың европалық аймақта жұмысқа кеткен уақытын есептеу жолымен кеңейту. Трансұлттық білім беру стандарттарын енгізу.

5. Сапаны қамтамасыз ету үшін сәйкес келетін өлшемдер мен әдістерді ойлап табу мақсатына бағытталған европалық ынтымақтастыққа ықпал ету.

6. ЖОО ішіндегі білім сапасын бақылауды енгізу мен ЖОО-нын қызметін ішкі бағалауға студенттер мен жұмыс берушілерді тарту.

7. Жоғарғы білімде қажетті европалық көзқарасқа, әсіресе оқу жоспарларын дамыту облысында, институционаларалық ынтымақтастық, мобильділік сызбасы және біріккен бағдарламалар,тәжірибелік дайындық пен ғылыми зерттеулер өткізуге ықпал жасау.

Болондық декларация аясында бірыңғай европалық жоғарғы білім кеңістігін қалыптастыру мақсатында Европа мемлекеттерінің білім жүйелерін жақындату мен үйлестіру үрдісі қазіргі уақытта Қазақстан да белсенді қатысатын Болондық үрдіс атағын алды.

Қазақстандық университеттердің қазіргі таңда әлемнің 650 университеті қол қойған Ұлы университеттер хартиясына қосылуы отандық білім беруді европалық стандарттарға жақындатуға мүмкіндк береді.

ЖОО-ның оқу үрдістеріне үдемелі технологиялар және оқу жүйелері енгізілген: 135 ЖОО-да оқудың кредиттік технологиясы енгізілген, 38 – екі дипломдық білім беру жүзеге асырылады, ал 42 – қашықтықтан оқыту.

16 ЖОО-да шетелдік алдыңғы ЖОО-мен әріптестік жолымен PhD докторларын дайындау жүргізілуде.

Дегенмен Қазақстан медициналық, ветеринарлық, әскери мамандықтар бойынша кеңестік (дәстүрлі) жоғарғы білім алу жүйесін сақтап қалған, яғни бітірушілер бакалавр емес, маман біліктілігін алады.

Жоғарғы білім алудың формалары

Қазақстанда жоғарғы білімді жалпы орта білім (11 сынып), бастапқы және орта кәсіптік білім (орта білімнен соң) және жоғарғы білім негізінде алуға болады; күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтықтан оқыту және экстернат; ақылы және ақысыз және т.б.

Оқу орындарында жоғарғы білім алуға болатын оқу формаларының алуантүрлілігін қарастырып көрейік.

Жалпы орта білім мен бастапқы кәсіби білімнен кейін жоғарғы білім алу әдепкі ретпен жүргізіледі, яғни оқу мерзімі – бакалавриат үшін 4 жыл және маман үшін 4-5-6 жыл.

Орта кәсіби білім негізінде егерде жоғарғы білімді туыстас мамандық (мысалы колледжде де ЖОО-да да заң білімі) бойынша және жоғарғы білімнен (бір жоғарғы білім бар болғандықтан , кез келген басқаға түсуге болады) соң алатын болса, жоғарғы білімнің оқу мерзімі қысқартылады (ережеге сәйкес колледжден кейін -3 жыл,жоғарғы білімі бар болса – 2 жыл ). Бұл орта кәсіби білімнен (медициналық колледжде оқып, экономикалық мамандыққа түссе) кейін туыстас емес мамандықтарға түсетіндерге және екінші жоғарғы білім (бірінші техникалық мамандықтан соң медициналық ЖОО-на түссе) алуда мерзімді қысқатру қарастырылмаған мамандықтарға қатысты емес.

Күндізгі оқу түрі –бірінші жоғарғы білім үшін ең кең таралған және дәстүрлі болып табылады. «Күндізгі» термині көрсетіп тұрғандай студент оқытушылар мен деканның 4/5 жыл көз алдында жүреді, яғни оқу процесі –оқу кезінде студенттің айналысатын бірден бір әрекеті болып табылады. Оқу процесінде пәндер мен сағаттар жыл бойына семестрлер немесе триместрлерге бөлінген, сабақтар кем дегенде аптасына 5 күн бірнеше сағаттардан жүргізіледі, ол міндетті түрде лекциялар, семинарлар және басқа да оқу дәрістерінің түрлерімен сессия, демалыс және тағлардан тұрады.

Сырттай оқу түрінде студент жылына 2 рет ұзақтығы 1 айға созылатын интенсивті оқуға келеді және аяқталысымен емтихан тапсырады.Сонымен қатар 2008 жылдан бастап Қазақстанда сырттай оқу бөлімінде жалпы орта білім (11 сынып) негізінде жоғарғы білім алуға болмайды, тек орта кәсіптік жіне жоғарғы білім негізінде ғана сырттай оқуға болады (2 немесе 3 жыл).

Оқудың кешкі түрін күндізгі-сырттай деп те атайды, яғни оқу процесі кешке қалдырылған, яғни студент күндіз жұмыс жасап, ал 18.00 сағаттан соң университетте дәріске қатыса алады. Кешкі оқу түріне кез келген білім баспалдағынан кейін түсуге болады, сонымен қатар туыстас мамандықтар немесе жоғарғы оқу негізінде оқу мерзімдерін қысқату қарастырылған және аталған оқу түрі бойынша білім алуға кейбір мамандықтарға тыйым салынған.

Қашықтықтан оқыту – оқушыға негізгі оқу материалдарын жеткізіп беру , оқу процесі кезінде оқушы мен оқытушылардың интерактивті іс-әрекет етуіне, оқу материалдарын игеру кезінде сонымен қатар оқу процесінде оқушыларға жеке жұмыс жасау мүмкіндігін беретін технологиялар жиынтығы. Қашықтықтан оқыту Интернет-тенология арқылы жүзеге асырылады: желіде оқытушылармен тексерілетін лекциялық кешендер, өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар орналастырылады және де онлайн-кеңес-берулер мен лекциялар өткізіледі, сонымен қатар материалдарды игеруді тексеру онлайн-тестілеу арқылы өткізіледі. Егер мемлекеттік емтихандар мен дипломдық жұмысты қорғау қарастырылған болса, студенттер оны қалыпты жағдайда яғни ЖОО-да тапсырады.

Экстернат оқу түрі ретінде жоғарғы білімнің (сонымен қатар жалпы орта білімге де қолданылады) жалпы білім беретін бағдарламаларын аралық және мемлекеттік ( қорытынды) аттестация арқылы өзіндік игеру түрі болып табылады.

Экстернат мәні орта немесе жоғары білімді мектепке, университетке күнде бармай жеке білім жолы арқылы оқу немесе жұмыспен, екі оқу орнында білім алуды үйлестіру арқылалуға болады. Екі жылдық (немесе одан да көп) бағдаламаны аралық және мемлекеттік ( қорытынды) аттестация тапсыру арқылы бір жылда өтуге болады.

Жоғарғы білім туралы құжаттардың қазіргі стандарттарында оқу бөлімі туралы мәлімет көрсетілмейді яғни дипломда тек қана ЖОО, мамандық және диплом иесінің мағлұматтары көрсетіледі.

Қазақстан азаматтарының мемлекеттік үсыныс негізінде бірінші жоғарғы білімді конкурстық негізде тегін алу мүмкіндіктері бар, білім грантын алу жөнінде біздің Порталдың арнайы бетінен білуге болады.

1-кесте. Мемлекеттік білім беру тапсырысының өсу қарқыны

2004-2005

2005-2006

2006-2007

2007-2008

2008-2009

2009-2010

2010-2011

25710

31210

32490

33190

33490

34840

35425

Сонымен қатар білім беру гранттарын бөлу кезінде квоталар қарастырылған:

Қазақстан азаматы емес ұлты қазақ азаматтарға - 2%;

І және ІІ топ мүгедектеріне, мүгедек балаларға - 0,5%;

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - 1%;

Ауылдық квота - 30%;

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 0,5%.

Білім беру гранттарымен қатар облыс әкімдерінің, жоо ректорларының, жоолардың өздерінің, жоо әріптестерінің гранттары, жеке меншік гранттар тағайындалады.

Қалған азаматтарға білім алудың шарттық, яғни ақылы нысаны қалады. Айтарлық, Қазақстан студенттерінің басым бөлігі ақы төлеп оқиды, бұл да олардың білімге деген құлшынысын көрсетеді. Ақылы деп ренжуге болмайды, өйткені жылына екі рет босаған гранттарды тағайындау жүргізіледі. Бұл ақпаратты Білім және ғылым министрлігінің сайтынан немесе қаңтар мен шілде айларының екінші жартысынан бастап ЖООдан білуге болады.

2-кесте. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2007/2008

2008/2009

2009/2010

2010/2011

Барлық ЖОО

140

144

145

148

Студенттер құрамы

717053

633814

610264

620442

Мемтапсырыс бойынша оқитыны

125179

118629

141852

140533

%

17,5

18,7

23,2

22,6

Қазақ тілінде оқитыны

334998

301815

303720

319940

%

47,0

47,6

49,8

51,5

Күндізгі бөлім құрамы

377989

330970

318712

329408

%

53,0

52,0

52,2

53,1

Сыртқы бөлім құрамы

339064

302844

291552

285311

%

47,0

48,0

47,8

45,9

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жоғары білім туралы шешім қабылдағанда тағы бір көңіл аударатын мәселе – жоғары оқу орнын таңдау.

Оларды меншік нысаны және ЖООны милитарландыру тұрғысынан қарастыруға болады

Меншік нысанына қарай олар былай бөлінеді:

мемлекеттік – олардың акцияларының бақылау пакеті (немесе жоо акцияларының 100%), немесе меншік құқығы, не акцияларының белгілі бір пакеті (акционерленген) мемлекетке тиесілі;

жеке меншік – акцияларының 100% жеке тұлғаларға тиесілі.

Мемлекеттік жоолар құрылымында ерекше мәртебесі бар ұлттық жоолар бөлінеді. Сонымен қатар 2010 жылы елордада ашылған бірегей Назарбаев Университетін атап өту қажет. Ол үшін сол жылы тыңдаушыларды дайындық бөлімшеде оқыту үшін 500 орын көлемінде мемлекеттік тапсырыс бекітілді және де дәл осы принцип бойынша білім беру процесін жүргізу жоспарлануда.

Меншік нысанымен қатар жооларды азаматтық және азаматтық емес деп бөлуге болады (бұл ақпарат та Порталда берілген). Азаматтық және азаматтық емес оқу орындарына қабылдау да екі түрлі жүргізіледі, өйткені соңғылар органдардың ведомстволық оқу орындары болып табылады, олар түлектерді сол органдарда жұмыс істеуге арнап дайындайды.

3-кесте. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының желісі

Жылдар

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Барлығы

170

182

173

175

176

176

176

140

144

145

148

Мемлекеттік ЖОО, с.і.:

47

60

62

63

68

68

69

57

55

55

56

Азаматтық ЖОО

47

49

50

50

55

55

55

43

42

42

43

Азаматтық емес ЖОО

11

12

13

13

13

14

14

13

13

13

Жеке меншік ЖОО

123

122

111

112

108

108

107

83

89

90

92

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан жооларында оқыту 520 мамандық бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Біздің жоолардың жетістіктеріне тоқталар болсақ, төмендегілерді атап өтпекпіз:

ҚарМТУ базасында Орталық Қазақстан мен Ресейдің 27 кәсіпорны бірлесіп корпоративтік университет құрды.

15 жоода (Қ.Сәтпаев ат. ҚазҰТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ, Е.Букетов ат. ҚарМУ, Л.Гумилев ат. ЕҰУ, т.б.) инженерлік бейіндегі зертханалар жұмыс істейді. 3 жоода ұжымдық пайдаланудағы ұлттық ғылыми зертханалар құрылған (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Аманжолов ат. ШҚМУ, Қ.Сәтпаев ат. ҚазҰТУ).

9 жооның жанында технопарктар ашылған тағы екеуінің жанында ашылып жатыр.

Қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 325 жоба орындалуда, олардың 78-ін жоолар орындап жатыр (24%).

- ҚазҰАУ жанында Қазақстан-жапон инновациялық орталығы;

- Қ.Сәтпаев ат. ҚазҰТУ жанында Қазақстан-француз білім орталығы;

- ҚарМТУ жанында Дәнекерлеу институты ашылды.

Көптеген жоолар шарттың негізінде жұмыс берушілермен ынтымақтастық орнатқан.

Бірқатар жоолар шетелдік жоолармен әріптестікте немесе жоо ішінде екі дипломдық білім бағдарламасын іске асыруда.