Портал туралы

«Мен студентпін» білім беру порталы

Сәлеметсіздер ме? Кәсіби білім беру, жұмысқа орналастыру және студенттердің мәдени бос уақытына қатысты мәселелерге арналған «Мен студентпін» жаңа қазақстандық ақпараттық білім беру порталына қош келдіңіздер дейміз!

 Порталдың негізгі мақсаттары:

· бұқараның Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі техникалық, кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру және жұмысқа орналасудың мүмкіндіктері мен амалдары туралы ақпаратқа, оқу әдебиетіне, педагогикалық және студенттік зерттеулерге қолжетімділігін қамтамасыз ету;

· білім беру саласында мобильділікті дамыту, ақпарат алмасуды жетілдіру және тиімді шешімдерді тарату үшін білім беру үдерісіне қатысушылардың желілік өзара әрекеттестігін ұйымдастыру.

 «Мен студентпін» порталының мақсатты аудиториясы:

· мектеп оқушылары, талапкерлер және олардың ата-аналары;

· лицей, колледж, ЖОО студенттері, магистранттар және докторанттар;

· біліктілігін арттырғысы келетін, қайта даярлау курстарынан өтуге немесе шет тілдерін меңгеруге ниетті тұлғалар;

· оқытушылар мен жұмыс берушілер;

· үкіметтік емес және жастар ұйымдары;

· басқа да мүдделі пайдаланушылар.

  Порталдың артықшылықтары:

Осы порталдан кәсіби білім беру, жұмысқа орналасу және студенттердің мәдени өмірі мен бос уакыты жөніндегі мәселелерге қатысты көптеген қызықты да, пайдалы мәліметтер таба аласыздар. Оның ішінде: жаңалықтар, мақалалар, ҰБТ, АМБ және КТ жөніндегі кеңестер, ЖОО-лар, лицейлер мен колледждердің тізімдемесі және рейтингі, университеттерге, магистратураға, докторантураға түсудің шарттары және талапкерлер үшін МВА. Сондай-ақ, Қазақстанда және шетелде оқу гранттарын қайда және қалай алуға болатындығы жөнінде біле аласыздар. Қазақстан және шетел компанияларындағы бос жұмыс орындары мен тағылымдамадан өту жайында ақпарат та осыннан табылады, әрі форумда тілдесіп, өз блогыңды жүргізуге болады.

Барлық ақпарат ыңғайлы орналастырылған және ұзақ іздеуді қажет етпейді. Порталдың дизайні де оның тұжырымдамасы мен мазмұнына сай үйлестілірген, ал ыңғайлы, әрі жете ойластырылған бағыттауыш ешқандай қолайсыздық тудырмайды.

Әр қайсысыңыз өзіңізді қызықтыратын ақпаратты осы жерден толық көлемде таба аласыз.

Біз порталда жарияланатын материалдардың түпдеректерден алынуын қамтамасыз етуге тырысамыз.

 Оқушыларға берілетін мүмкіндіктер:

· білім саласындағы маңызды ақпаратқа ие болу;

· оқу орнын және жұмысқа орналасу үшін жұмыс орнын іздеуге көмек.

·

 Оқу орындарына берілетін мүмкіндіктер:

· мақсатты аудиторияны қамту;

· оқу орны мен оның қызметтерінің танымалдылығын арттыру;

· оқу орынның артықшылықтарымен және онда оқу шарттарымен таныстыру.

 Жұмыс берушіге жасалатын мүмкіндіктер:

· әлеуетті жоғары білікті кадрлар ретінде үлгерімі жоғары түлектерді іздеуге көмек;

· компанияның және оның қызметінің танымалдылығын арттыру;

· әлеуметтік серіктестік.

·

 Біз сіздерді серіктестікке шақырамыз:

· лицейлер және колледждер

· ЖОО

· кәсіпкерлік мектептер

· біліктілікті арттыру орталықтары

· кәсіби даярлау және қайта даярлау орталықтары

· шет тілдер орталықтары

· банктер

· ұлттық және жекеменшік компаниялар

· мемлекеттік органдар

· үкіметтік емес және жастар ұйымдары

· БАҚ

· порталдың дамуына мүдделі тұлғалар мен ұйымдар.

   Біз порталдың жұмысы жөнінде және ондағы ақпарат бойынша ескертулеріңізді қабылдаймыз, сонымен бірге порталды жақсартуға қатысты ұсыныстарыңызды күтеміз!

«Мен студентпін» порталын жақсарту және қызықты ету сіздердің және біздің қолымызда!

   Сайтта орналасқан мәлімет портал авторлары мен әкімшілігінің пікірін білдірмеуі мүмкін. Портал әкімшілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы хабарламаларды және спам, балағат сөздер, қызметтер, не тауарлардың жарнамасы бар хаттарды жарияламауға және/немесе жоюға құқылы.